05 қараша 2020 12:03

Қазақстанда жұмыс орнында жаттығу жасау ережелері бекітілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жұмыс орнында физикалық жаттығулар жасау ережелерін бекітті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жұмыс орнында физикалық жаттығулар жасау ережелерін бекітті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ереже бойынша, физикалық жаттығулар ұйымдарда жұмыс уақытында жүргізілуі керек. Жұмыс беруші орындалатын жұмыс түріне, еңбек жағдайына, қызметкердің жасына және жынысына байланысты жаттығуларды дайындайды.

Жаттығу жасайтын бөлме таза болуы керек екені және жаттығу жасар алдында ол бөлме желдетілуі қажет екені айтылады.

Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрінің айтуынша, физикалық жаттығулар жұмыс күнінің бірінші жартысында 10-15 минут уақыт алуы керек. Одан ұзақ уақытқа созылмауы қажет. Жаттығу түрін 3-4 апта сайын астыру қажет болатыны айтылады.

Ережеге сәйкес, денемен оңға, солға бұрылу, аяқтың ұшымен жүру, қол мен аяққа жаттығулар және тағы басқа гимнастикалық жаттығулар жасау керек болады.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети