02 тамыз 2022 10:51

Қазақстанда қандай жағдайда Ashyq қайтарылуы мүмкін?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:gov.kz Фото:gov.kz

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният "қызыл" аймақтағы өңірлерде Ashyq қосымшасын қолдану міндетті болып, кейбір қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру қажет болатын жағдайды атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният "қызыл" аймақтағы өңірлерде Ashyq қосымшасын қолдану міндетті болып, кейбір қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру қажет болатын жағдайды атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысында Гиният "қызыл" аймақта денсаулық сақтау жүйесіне түсетін салмаққа сәйкес екі кезең бойынша шектеу шаралары қолданылатынын айтты. Бірінші кезеңде ауруханаға жатқызу көрсеткіші 100 мың халыққа шаққанда 25-тен 50-ге дейін артқанда, R саны 1-ден жоғары болады - кәсіпкерлік қызметті шектеусіз, жабық үй-жайларда және көлікте міндетті түрде маска тағу.

"Екінші кезеңде, R-ға қарамастан, егер ауруханаға жатқызу көрсеткіші 100 мың халыққа шаққанда 50-ден жоғары болса, нысандарда Ashyq қосымшасын міндетті түрде қолдану енгізіледі. Арнайы іс-шараларға байланысты бизнесте орындардың 50 пайызға дейін толтырылуын шектеу. Білім беру ұйымдарында қосымша шектеулер енгізу. Ұйым қызметкерлерінің 30 пайызын қашықтан жұмысқа ауыстыру", - деді Ғиният.

Айта кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстан Үкіметінің отырысында елдегі эпидемиологиялық ахуал туралы айтып, 20 маусымнан бастап республика бойынша коронавирус жұқтыру көрсеткіші өсе бастағанын атап өткен болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети