15 мамыр 2023 10:31

Қазақстанда қанша дәрігер жетіспейді?

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда төрт мыңға жуық дәрігер жетіспейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.


Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда төрт мыңға жуық дәрігер жетіспейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Қазақстандықтар жалпы тәжірибелік дәрігер қабылдауына жазыла алмайтындарын айтып шағымдануларын жалғастырып жатыр. Айтуларынша, төтенше жағдай кезінде жеке мамандарға, мысалы, травматолог, психолог, офтальмолог секілді мамандарға ғана жазылуға болады.

Мәжілісмендер бұл мәселе саланы жеткіліксіз деңгейде қаржыландырудан болып жатыр деп санайды.

"Егер қаржыландыру жеткілікті болса, кезек болмауы мүмкін. Дәрігер емханада отырып жұмысын жалғастырады. Егер қандай да бір айлық лимит таусылған болса, онда ол 20 сәуірден кейін болған сияқты (әркімнің айлық лимиті таусылған), бүкіл ел бойынша тегін консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсетілмеген. Дәрігерлер бар, жабдықтар тұр, бірақ қаржыландыру жоқ", - деді Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрымова.

Қор халықтың медициналық қызметке деген сұранысы шынымен де өскенін айтады.

"Халықтың өтініші жоғары. Бұл халықтың денсаулық жағдайына және халықтың медициналық көмекке қаншалықты жиі жүгінетінін көрсетті. Әрине, жыл басында медициналық көмекке жүгіну көп болды, бірақ бұл, айталық, қаржыландыру мәселелеріне ешқандай қатысы жоқ", - деп атап өтті медициналық сақтандыру қоры департаментінің директоры Забира Оразалиева.

Денсаулық сақтау министрлігі басты мәселелердің бірі мамандардың жетіспеушілігі екенін атап өтеді. Нарықта төрт мыңға жуық медициналық жұмыс орны бар. Өңірлерде акушер-гинеколог, неонатолог, педиатрлар жеткіліксіз. Пандемия кезінде жұқпалы аурулар бойынша мамандар жетіспейтіні анықталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети