13 мамыр 2022 11:36

Қазақстанда қантты экспорттауға тыйым салынады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Қазақстанда қант пен шикі құрақ қантты экспорттауға уақытша тыйым салынады. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің бұйрығында айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда қант пен шикі құрақ қантты экспорттауға уақытша тыйым салынады. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің бұйрығында айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алты ай мерзімге Қазақстан Республикасы аумағынан ақ қантты (Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасы коды 1701 99 100) және шикі құрақ қантты (ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасы коды 1701 13, 1701 14 ) әкетуге тыйым салу енгізілсін", - делінген құжатта.

Ауыл шаруашылығы министрлігіне осы шараларды қолдану туралы заңнамада белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар ету тапсырылған.

Бұйрық жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети