23 мамыр 2023 15:43

Қазақстанда қарттар мен балалардың үлесі 42 пайыздан асты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Соңғы бес жылда Қазақстанның демографиялық жағдайы айтарлықтай өзгерді. Еңбекке жарамды әрбір мың қазақстандықтың 740-ы қарттар мен балалар. Бұл туралы Finprom.kz өз зерттеулерінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Соңғы бес жылда Қазақстанның демографиялық жағдайы айтарлықтай өзгерді. Еңбекке жарамды әрбір мың қазақстандықтың 740-ы қарттар мен балалар. Бұл туралы Finprom.kz өз зерттеулерінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сарапшылардың пікірінше, демографиялық жүктеме көрсеткіші 2018 жылдан бері жыл сайын тұрақты өсіп жатыр. Бес жыл бұрын санақ көрсеткіші 687 болып, 53-ке аз болған.

"Елімізде әрбір мыңға шаққанда 740-тан астам "экономикалық асыраудағы" адамдар санатында. Қолданыстағы әдістеме бойынша 16 жастан асқан балалар қазірдің өзінде еңбекке қабілетті халық санатына жатады, дегенмен бұл жастағылар өздерін әрең асырайды. Зейнеткерлік жасына жеткен қарттардың жұмысын жалғастыра беруі ескерілсе, бұл көрсеткіш басқаша болар еді.

Көрсеткіштерге назар аударсақ "балалар" демографиясы маңызды рөл атқарады. Жыл басында Қазақстанда әрбір 1000 ересек адамға 542 баладан келсе, бес жыл бұрын 496 бала болған. Осы кезеңде 15 жасқа дейінгі балалар саны 5,1 миллионнан 6,2 миллионға дейін өсті.

"2023 жылдың басына қарай халықтың жалпы санындағы балалардың үлесі 31,2 пайызды құрап, соңғы бес жылда 3 пайызға өсті. Балаларды әлеуметтік қолдауға бюджеттік шығындардың әлдеқайда жоғары болуына қарамастан, көрсеткіштің негізгі бөлігін балалар құрайтындығы болашақта экономика үшін қолайлы фактор деп атады. Алдағы 10-15 жылда бұл балалар еңбекке қабілетті жасқа келіп, жұмысқа алынады. Жұмыс күші көбейеді", - деп есептейді зерттеушілер.

2023 жылдың басында Қазақстандағы егде жастағы тұрғындардың үлесі - 2,2 миллион адам, бұл жалпы көрсеткіштің 11,4 пайызы. Бес жыл бұрын бұл көрсеткіш 7,3 пайыз болған.

"2022 жылға дейін "Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі" ұлттық статистика бюросының бюллетеньдерінде халықаралық стандарттар бойынша жас диапазоны көрсетілген. Балалар - 14 жасқа дейін, 15 пен 64 жастағылар, 65 жастан асқан қарттар еңбекке жарамды. Қазақстандағы зейнеткерлік жасты ескере отырып, халықтың еңбек жасы да көрсетілген. Ерлер - 63, әйелдер 61 жастан зейнетке шыға алады. Оған балалар санының 15 жасқа дейінгілерін қоса есептейді", - деп нақтылады сарапшылар.

Өңірлерде демографиялық жағдай республикалық деңгейден ерекшеленді. Ең жоғары көрсеткіш оңтүстік және батыс аймақтарда байқалды. Көшбасында тұрған Түркістан облысы, онда 1000 ересек адамның 886 бала мен қарт. Қызылорда да - 800, Жамбыл - 815, Маңғыстау (845) облыстарының, сондай-ақ Шымкент қаласының (811) көрсеткішінен асып түсті.

Балалар мен қарттардың ең аз үлесі Астанада (625) және Алматыда (642) болды. Демографтар мұны ішкі көші-қон процестерімен байланыстырады: ірі қалаларға аймақтардан ересек еңбекке қабілетті халықтың келгенін байқауға болады. Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары сәйкесінше 672 және 651 көрсеткіштерімен демографиялық көрсеткіштерінің төменгі сатысына жатқызылған.

Сонымен қатар, Қазақстанның солтүстігі еліміздің қартаюы ең жылдам аймақтарының қатарына енді. Мұны Billeter индексі растайды.

"Бұл демографиялық көрсеткіш дұрыс, бұл аймақтағы 14 жасқа дейінгі балалардың үлесі 50 жастан асқандардың үлес салмағынан жоғары екенін білдіреді. Егер дұрыс емес болса, облыста балалардан егде жастағы қазақстандықтар көп", - деп атап өтті демографтар.

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының зерттеулеріне сәйкес, 2021 жылы ең жоғары дұрыс емес көрсеткіштер Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында байқалды. Тиісінше 22,2 және 27,7. Көбінесе қазақстандықтар қарттықты Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды және Ақмола облыстарында өткізгенді жөн көреді.

"Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ сарапшылары 2050 жылға дейінгі демографиялық болжам жасады.

"Қазіргі кездегі туу мен өлім-жітім деңгейінің өсу тенденциясын ескере отырып, яғни базалық сценарий бойынша жалпы тәуелділік коэффициенті алдымен төмендейді: 2025 жылға қарай – 712-ге, 2035 жылға қарай – 681. Болашақта 2050 жылға қарай жүктеменің мың еңбекке қабілетті адамға шаққанда 773-ке дейін артатынын күтуге болады", - деп жазады аналитикалық басылым.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети