20 қаңтар 2022 12:07

Қазақстанда колонияларды қайта құру ұсынылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Сенатор Андрей Лукин Қазақстанда жұмыс істеп тұрған колонияларды қайта жаңартуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сенатор Андрей Лукин Қазақстанда жұмыс істеп тұрған колонияларды қайта жаңартуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенатор Андрей Лукин Үкімет басшысына жолдаған депутаттық сауалында Мемлекет басшысы биыл 11 қаңтарда Парламентте сөйлеген сөзінде осындай тапсырма бергенін еске салды.

"Қаңтардың қайғылы оқиғаларға байланысты құрбандар мен бүлікке алып келген жайт туралы қазақстандықтар ғана емес, әлемдік қоғамдастық та куә болды. Радикалдар Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне, әсіресе қылмыстық-атқару жүйесіне төнетін қауіптің бірі екенін ұмытпаған жөн. 1 қаңтардағы жағдай бойынша, елімізде қылмыстық-атқару жүйесінде діни және террористік ұйымдардың 500-ден аса көшбасшысы мен қатысушысы бар екені белгілі", - деді сенатор Лукин.

Депутат мәліметінше, бас бостандығынан айырылғандар жазасын өтеуге арналған 64 мекеменің тек 9-ы ғана камера ретінде жұмыс істеп тұр. Онда ел бойынша сотталғандардың жалпы санының 18,3 пайызы отыр. Жұмыс істеп тұрған мекемелер - өткен ғасырда салынған 30-70-жылдардағы барак түріндегі ғимараттар мен құрылыстар.

Андрей Лукиннің ойынша, бір казармада түрме мәдениеті мен қылмыстық ортаның әсері бүкіл әрекетті жоққа шығаратын 100-ге жуық сотталған отырса, тәрбие жұмысы туралы айтуға болмайды.

"Мемлекет басшысының тапсырмасын сапалы орындау үшін бірқатар шара ұсынамын. Біріншіден, камерада ең алдымен, радикалды көзқарастағы сотталған адамдар отыратын мекемелерді қайта құру. Екіншіден, түзеу мекемелеріндегі күзет тиімділігі мен қауіпсіздік деңгейін өлімге әкелмейтін қару-жарақпен және арнайы құралдармен, оның ішінде радиобайланыс құралдарымен, техникалық күзет құралдарымен, ұялы байланысты бұғаттау жүйелерімен жабдықтау арқылы арттыру. Бүгінде техникалық күзет құралдарымен жабдықтау 33 пайыз, ал ұялы байланысты бұғаттау жүйелерімен жабдықтау 13,8 пайыз болып отыр. Өлімге әкелмейтін қару-жарақпен және арнайы құралдармен, соның ішінде радиобайланыспен қамтамасыз ету 42 пайыз болады", - деді Андрей Лукин.

Сонымен қатар, депутат сотталғандардың ұялы телефондарды заңсыз пайдалануына бақылауды күшейту мақсатында бақылау құралдарына қатысты мәселені пысықтауды ұсынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети