20 қыркүйек 2021 14:39

Қазақстанда мемлекеттік қызметте жаңа лауазым пайда болуы мүмкін

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда жаңа лауазым - "дата стюарт" енгізу ұсынылды. Мұндай бастаманы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда жаңа лауазым - "дата стюарт" енгізу ұсынылды. Мұндай бастаманы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство "Ашық НҚА" сайтына "Саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" 2015 жылғы 29 желтоқсандағы президент жарлығына толықтырулар жобасын жариялады.

"Жарлық жобасы бойынша, В, С, D санаттары тобын "дата-стюард" лауазымымен толықтыру бөлігінде саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымы тізіліміне толықтыру енгізіледі", - делінген жарлыққа өзгерістер жобасы құжатында.

Сондай-ақ, жарлық жобасын қабылдау республикалық бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейтіні көрсетілген.

Президент жарлығы жобасы Президент Әкімшілігінің басшысы Ерлан Қошановтың 2021 жылғы 27 шілдедегі "дата-стюард" ұғымын және оның қызмет тәртібін заңнамада қарастыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында әзірленген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети