29 мамыр 2020 20:19

Қазақстанда неге ауру белгісі жоқ науқастар енді ауруханаға жатқызылмайды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: elements.envato.com Сурет: elements.envato.com

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов онлайн-брифинг барысында елімізде неліктен симптомсыз науқастар емдеуге жатқызылмайтынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов онлайн-брифинг барысында елімізде неліктен симптомсыз науқастар емдеуге жатқызылмайтынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл санаттағы адамдарда вирус белгілері әлсіз және олар басқаларға қауіпті аз төндіреді. Осыған байланысты біз симптомсыз адамдарға қатысты тактиканы өзгерттік. Кеше біз біріккен комиссияда, барлық ғалыммен талқылай отырып, осы санаттағы адамдарды ауруханаға жатқызбау туралы шешімге келдік", - деді Елжан Біртанов.

Ол сондай-ақ, мұндай емделушілер үшін бақылау мерзімі өзгергенін атап өтті. Оларды енді 14 күннің орнына үйде тек 10 күн қадағалайды.

"Сәуірдің екінші жартысында вирус тарауының алдын алу мақсатында дені сау адамдарды да тестілей бастадық. Көптеген симптомсыз, жасырын ошақтар барын көрдік. Бір қызығы, вирус жұқтырғандардың өсуі симптомсыздар үлесінің арту есебінен жүріп жатыр. Яғни, бүгінде біз 25 мыңға жуық адамды тестілеуден өткізіп жатырмыз, ол тегін жүргізіледі, тәулігіне шамамен 300 адам, олардың 80 пайызы өздерін науқас сезінбейді. Кей күні бұл көрсеткіш 85 пайызға дейін жетеді. Бірақ Қазақстанда тіркелген адамдардың басым бөлігі ауру емес, вирус тасымалдаушы саналады", - деді ол.

Еске салайық, қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 10 мыңға жақындады. Оның ішінде 5011 адам сауығып, 37 адам көз жұмды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети