1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Қазақстанда оқушы қыздарға шалбар киюге тыйым салынды 08 қазан 2021, 10:44

Кейбір қазақстандық мектептердің әкімшілігі қыздарға шалбар киюге тыйым салды. Бұл тыйым балаларға да, олардың ата-аналарына да ұнамағандықтан
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Сурет ©Турар Казангапов Сурет ©Турар Казангапов

Кейбір қазақстандық мектептердің әкімшілігі қыздарға шалбар киюге тыйым салды. Бұл тыйым балаларға да, олардың ата-аналарына да ұнамағандықтан редакцияға шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Редакцияға Алматы, Қарағанды және Атырау облыстарындағы мектептерден бірнеше шағым түсті. Ата-аналардың айтуынша, қыздар мектепке тек юбка киіп баруға мәжбүр екен.

"Осындай салқында қыздар шалбар киіп жүру керек. Бұлай тыйым салу заңсыз деп санаймыз, мұндай заң жоқ", - деп шағымданды олар.

Білім және ғылым министрлігі биыл оқушыларға орта білім беру ұйымдарына мектеп формасында немесе классикалық стильдегі киімде оқуға рұқсат етілгенін хабарлады. Классикалық стиль матаның, түс пен өлшемнің қатаң, ұстамдылығымен сипатталады. Қазір мектеп тәжірибесінде үстіне ашық, астына қою түс киюге рұқсат беріледі.

БҒМ мектеп оқушылары мектепке юбка немесе шалбар кию керек деген талап жоқ екенін атап өтті.

"Даулы мәселелер туындаған жағдайда шешім мектептің қоғамдық кеңесінің келісімі бойынша қабылдануы мүмкін. Қазақстан БҒМ азаматтарының өтініштеріне жедел жауап беру үшін ҚР БҒМ КОКСОН сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттері басшыларының, кол-орталықтары мен білім басқармалары басшыларының телефон нөмірлері жарияланды", - деп хабарлады БҒМ баспасөз қызметі.

Барлық нөмірлер сайтта, білім басқармалары мен департаменттердің әлеуметтік желілерінде жарияланған.

Еске салайық, мектеп директоры Павлодарда джинсы кигені қызға ауыр сөздер айтып, жылатқан. Мұғалім мектеп оқушысына көпшілік алдында ескерту жасаған. Көпшілік алдында сөгіс естіген оқушы күйзеліске ұшыраған.

Бұған дейін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп формасын кию тағы бір жылға міндетті емес екенін айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram