24 желтоқсан 2017 | 14:15

Қазақстанда полиэтилен пакеттерді тегін беруге тыйым салу көзделіп отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© nnm.ru © nnm.ru

Қазақстан полиэтилен пакеттердің сатылымына біртіндеп тыйым салмақшы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл жөнінде инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек өз блогындағы сұраққа жауап беру кезінде айтты.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан полиэтилен пакеттердің сатылымына біртіндеп тыйым салмақшы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл жөнінде инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек өз блогындағы сұраққа жауап беру кезінде айтты.

"Қайырлы күн. Көп елдерде пластик ыдыстар мен пакеттерді пайдалануға біртіндеп шектеу қойып немесе тыйым салып жатыр. Мысалы, Кенияда полиэтилен пакетті пайдалануға толықтай тыйым салынған, ал Англияда мұндай пакеттерді тек ет сатушылар ғана қолдана алады. Қазақстанда да неге солай істемеске?", - деп жазды Саржан Саят министрдің блогына.

Бұған жауап берген инвестициялар және даму министрі, Қазақстан нарығында қайталама шикізатты пайдаланып, полимер қаптамалар өндірісімен айналысып отырған 50-ден аса компанияның бар екенін айтты. Компаниялардың басым бөлігі Алматы, Астана, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Шымкент қалаларында шоғырланған. Қалған қалаларда 1-2 компания бар. 

"Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасының Энергетика Министрлігі бір рет пайдалануға арналған полиэтилен пакеттерді қолдануға шектеу қою немесе тыйым салу бойынша халықаралық тәжірибені зерттеп, Қазақстанда бөлшектеп сатуда полиэтилен пакеттердің өндірісіне біртіндеп тыйым салу керек деп есептеп отыр, нақтырақ айтқанда: І кезең. Полиэтилен пакеттерді тегін таратуға тыйым салуды енгізу. ІІ кезең. Полиэтилен пакеттердің өндірісіне тыйым салуды енгізу. Бұл бастама жергілікті басқару органдарының, "KazWaste" қалдықтарды басқару жөніндегі ассоциацияның және "Атамекен" ҚР ҰКП-нің қарауына жолданды", - деп хабарлады Қасымбек.

Оның айтуынша, жергілікті басқару органдары бұл бастаманы толықтай қолдады және балама нұсқаларын өндіруде қажет болады деп есептейді.

"KazWaste полиэтилен пакеттерді тегін таратуға тыйым салуды қолдап отыр және полиэтилен пакеттерді сатуды міндеттеу керек деп есептейді. Алайда, екінші кезеңді қолдамады, яғни полиэтилен пакеттердің өндірісіне тыйым салу бойынша, себептері мынадай деп көрсетті: 1. Кішігірім полиэтилен пакетті пайдалану тиісті гигиенаны қамтамасыз етеді (нанды және нан өнімдерін, сүт өнімдерін және тағы да басқаларды қорғайды); 2. Қазақстанның пакет өндірушілері қаншама жүздеген адамды жұмыспен қамтып отыр",- деп түсіндірді министр.

Қасымбектің айтуынша, Атамекен де бұл норманың кәсіпкерлік қызметке шектеу салып, жұмыссыздықты ұлғайтып, бюджет кірісін төмендетеді деп есептейді.

"Энергетика министрлігі бұл бастаманы қалыңдығы 0,015 мм-ден жұқа полиэтилен пакеттерден өзге, яғни бір рет пайданалануға арналған полиэтилен пакеттерге қатысты қолдануды ұсынып отыр.

ҚР ЭМ жұмыссыздықты болдырмау үшін және бюджет кірісін тоқтатпау үшін балама қаптамалар (қағаз пакеттер және тағы да басқа) өндірісіне жағдай жасау мәселесін қарастыруды ұсынып отыр, себебі оларды қолданғаннан кейін адамның денсаулығына да, қоршаған ортаға да зиян келмейді. Сонымен қатар, қаптама өнімдерінің балама нұсқаларын өндіруде шығынды субсидиялау мүмкіндігі де қаралып жатыр", - деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети