Қызылордада Оқушылар сарайы ел игілігіне табысталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Фото: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгін Қала күні қарсаңында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қызылорданың сол жағалауына "Қазгермұнай "БК" ЖШС-нің демеушілік қаражатына салынған Оқушылар сарайы өскелең ұрпақ игілігіне табысталды.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Қала күні қарсаңында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қызылорданың сол жағалауына "Қазгермұнай "БК" ЖШС-нің демеушілік қаражатына салынған Оқушылар сарайы өскелең ұрпақ игілігіне табысталды.

Салтанатты іс-шараға "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Құрманғазы Есқазиев, жауапты салалардың, құқық қорғау органдарының басшылары, Халықаралық Қарттар күні қарсаңында аймақ басшысының арнайы шақыртуымен барлық ауданнан келген ардагерлер, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жерлестерін жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.

"Мемлекет басшысының қолдауымен бүгінде Қызылорда қарқынды құрылыс алаңына, өркенді өзгерістер өңіріне айналды. Облыста биыл 187 нысанның құрылысы салынуда. Тек білім саласында 9 нысан ел игілігіне берілді. Бүгін міне, "ҚазГерМұнай" компаниясының демеушілігімен 2 млрд 350 млн теңгеге салынған 350 орындық заманауи үлгідегі Оқушылар сарайының салтанатты ашылуына жиналдық. Білім, ғылым, мәдениет және өнер саласының дамуы – өркениеттің өлшемі, қоғам дамуының басты көрсеткіші. Қазіргі таңда өңірімізде 62 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді. Ондағы үйірмелерге 60 663 оқушы қатысады. Бұл ғимаратта балаларымыз бос уақытын тиімді өткізіп, пікірлес жаңа достар табады. Таным көкжиегін кеңейткен жас талапкерлер жаңалық ашып, жарқын болашағына қажетті дағдыларға машықтанады деп сенеміз. Сіздерді жаңа Оқушылар сарайының ашылуымен құттықтаймын! Сыр өңірі күн сайын түрленіп, әсем ғимараттарымен айшықталып, тұрғындарымыз қуанышқа бөлене берсін!", – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Рәсімде "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Құрманғазы Eсқазиев жиналған қауымды құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

Жобаға 2,4 млрд. теңге бөлініп, құрылыс өткен жылдың желтоқсанында басталған. Заманауи, көпфункционалды кешен ішінде техноорталық, бағдарламалау, робототехника және өнеркәсіптік дизайн сыныптары, экологиялық зертхана, жылыжайлар мен қысқы бақ, телестудия, вокал, музыкалық аспаптар және хореография кабинеттері бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Материалды Қызылорда облысының әкімдігі ұсынды
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer