Қазақстанда субсидияға қатысты алаяқтықтан миллиондаған қаржыны жымқырғандар сотталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видео кадры

Қарағандыда "Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту" ұлттық жобасы аясында сүт өнімдерінің бағасын арзандатуға бөлінген 339 миллион теңге көлеміндегі мемлекеттік субсидияларды жымқыру дерегі бойынша айыптау үкімі шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қарағандыда "Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту" ұлттық жобасы аясында сүт өнімдерінің бағасын арзандатуға бөлінген 339 миллион теңге көлеміндегі мемлекеттік субсидияларды жымқыру дерегі бойынша айыптау үкімі шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

Аталған істі ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті тергеді.

"DIAS" шаруа қожалығының басшылары жергілікті ветеринарлық дәрігермен сөз байласып, субсидия алу мақсатында ірі қара мал, сондай-ақ сүт өнімдерін өндіру және сату туралы жалған құжаттар тапсырған. Алайда, іс жүзінде шаруа қожалығының қарамағында өндірістік қызмет жүргізуге жарамсыз шағын мал шаруашылығы базасы ғана болған. Тиісінше, сүт өнімдерін өндіру мен өңдеу іс жүзінде жүзеге асырылмаған", - делінген хабарламада.

Күдіктілер жымқырылған субсидияның бір бөлігін ет бағытындағы 60 асыл тұқымды бұқа сатып алуға жұмсап, нәтижесінде 9 миллион теңге көлемінде субсидиялар түрінде қосымша қылмыстық табыс алынды.

"Сот үкімі бойынша, олар ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (алаяқтық), 218-бабы 2-бөлігі 1-тармағы (қылмыстық жолмен алынған кірісті заңдастыру) және 206-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (ақпаратты заңсыз жою немесе өзгерту) бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ, сот Ауыл шаруашылығы басқармасының 339 миллион теңге сомасындағы азаматтық талабын қанағаттандырды".

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.39  course up  571.67  course up  6.32  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer