25 маусым 2021 09:41

Қазақстанда тағы бір банк лицензиясынан айырылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "Capital Bank Kazakhstan" АҚ бағалы қағаздар нарығындағы банктік және өзге де операциялар мен қызметті жүргізуге берілген лицензиясынан айырылғанын мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство сайтына сілтеме жасап.


Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "Capital Bank Kazakhstan" АҚ бағалы қағаздар нарығындағы банктік және өзге де операциялар мен қызметті жүргізуге берілген лицензиясынан айырылғанын мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басқармасының 2021 жылғы 24 маусымдағы № 74 қаулысына сәйкес Банкті банк және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүргізуге берген лицензиядан айыру туралы шешім қабылданды.

"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабы 1-тармағының 7), 15) 16) тармақшаларына сәйкес мына себептер лицензиядан айыруға негіз болады:

  • пруденция нормативтерін және басқа да сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі айдың ішінде үш және одан көп рет) бұзу;
  • қадағалап ден қою шараларын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі айдың ішінде үш және одан көп рет) орындамау;
  • уәкілетті органның қосымша капиталдандыру жөніндегі талаптарын Банктің ірі қатысушысының орындамауы;
  • Банкті төлемге қабілетсіз банк санатына жатқызу", - делінген хабарламада.

Лицензиядан айырған күнгі жағдай бойынша Банк активтерінің мөлшері - 38,5 миллиард теңге, несие портфелі 33,9 миллиард теңге болған. Оның ішінде 30,4 миллиард теңге немесе Банктің несие портфелінің 89,8 пайызы 90 күннен аса мерзімі өткен кредиттер. Банктің өтімді активтерінің мөлшері - 149 миллиард теңге. Бұл ретте орындалмаған клиенттік төлемдердің көлемі 15,0 миллиард теңгеден асады.

Пруденция нормативтерін орындамауына байланысты агенттік Банкке қатысты 29 қадағалап ден қою шарасын қабылдап, 67 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасаған.

"2020 жылы Банк акционері Банктің қаржылық жағдайын жақсарту жөніндегі шаралар жоспарын ұсынды. Көрсетілген жоспарды орындау шеңберінде агенттіктің қатаң бақылауымен Банк 2020 және 2021 жылдары банктің депозиторлар алдындағы 31 миллиард теңге сомасындағы міндеттемелерін төмендетті.

Жоспарды іске асыру шеңберінде әлеуметтік тұрғыдан маңызды мекемелер (мектептер мен ауруханалар) алдындағы міндеттемелер толығымен және квазимемлекеттік сектор алдындағы міндеттемелердің айтарлықтай бөлігі де өтелді.

Алайда Банк және оның акционері қабылдаған шаралар Банктің қаржылық жағдайын тұрақтандыруға әкелген жоқ. Банк пруденция нормативтерін бұзуды жалғастырды және клиенттері алдындағы төлемдер мен аударымдар бойынша міндеттемелерін орындамайды", - делінген хабарламада.

Банк салымшыларының, жеке тұлғалардың 99 пайызының депозиттері "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ-тың кепілдігімен толық өтеледі.

"Агенттік төрағасының 2021 жылғы 24 маусымдағы №206 бұйрығымен уақытша әкімшілік тағайындалды, оған банктің барлық басқару органдарының өкілеттіктері ауысты. Уақытша әкімшілік тарату комиссиясы тағайындалғанға дейін әрекет етеді. Уақытша әкімшіліктің басшысы болып агенттіктің қызметкері Шолпан Тайшыққызы Тоқсейітова тағайындалды.

2021 жылғы 25 маусымнан бастап ҚР заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, клиенттердің және Банктің есепшоттары бойынша барлық операция тоқтатылды. Агенттік заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа Банктің қызметін мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы өтінішпен жүгінеді.

Сот Банкті мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғаған күннен бастап Банкті ұстауға арналған ағымдағы шығыстармен байланысты талаптарды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де жағдайларды қоспағанда, кредиторлардың Банкке талаптары тарату өндірісінде ғана қойыла алады.

Барлық сұрақ бойынша "Capital Bank Kazakhstan" АҚ-тың уақытша әкімшілігіне +7 (727) 331 66 77 телефоны арқылы хабарласуға болады", - делінген сайтта.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети