26 ақпан 2021 12:03

Қазақстанда тағы бір мереке күнін белгілеу ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Қазақстанда "Спорт бапкері күнін" ресми түрде енгізуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда "Спорт бапкері күнін" ресми түрде енгізуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы "Қазақстан спортшылар одағы" қоғамдық бірлестігі хабарлады.

"Елімізде көптеген кәсіби мереке атап өтіледі. Олардың ішінде Мұғалімдер күні, Энергетиктер күні, Қаржыгерлер күні бар. Бірақ, өкінішке қарай, күнтізбеде әлі күнге дейін Спорт бапкері күні жоқ. Спорт қоғамы атынан "Спорт бапкері күнін" ресми түрде еліміздегі кәсіби мерекелік күнтізбеге енгізуді ұсынамыз", - деді қоғамдық бірлестік төрағасы Азамат Қарлығашев.

Ұйымның баспасөз қызметі қазіргі уақытта мереке бейресми түрде 30 қазанда атап өтілетінін айтты. Алайда одақ 7 сәуір - атақты спортшы Қажымұқан Мұңайтпасовтың туған күнінде Спорт бапкері күнін атап өтуді ұсынады.

"2021 жылдың 7 сәуірінде елімізде ұлы спортшы Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығы атап өтіледі. Біз  мерекені дәл осы күні атап өту дұрыс деп есептейміз", - деді Азамат Қарлығашев.

Бұл бастаманы Қазақстанның спорт ардагерлері қолдады.

"Бізде еңбек сіңірген бапкерлер көп. Олардың еңбегін бағалау қиын. Көпшілігі еліміздің атын бүкіл әлемге танытып, дәріптейтін әлемдік чемпиондарды тәрбиеледі. Бұл ретте бапкерлердің кәсіби мерекесі жоқ екені өкінішті", - деді бокстан КСРО-ның бес дүркін чемпионы, қазақстандық спортшылар одағының құрметті мүшесі Болат Теміров.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Садық Мұстафаев та осы пікірд қолдайды.

"Қазақстанда бапкерлерде ешқандай басымдық жоқ. Көбінесе олар жеңімпаз көлеңкесінде қалып қояды. Сондықтан оларға мемлекеттік деңгейде көбірек көңіл бөлу керек", - деді Садық Мұстафаев.

Қазіргі уақытта Қазақстан спортшылар одағы Президент Әкімшілігі мен Мәдениет және спорт министрлігіне ұсыныс хат жолдады. Одақ мүшелері ведомство берген ресми жауапты кейінірек хабарлауға уәде берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети