Қазақстанда тек екі дәретхана әлемдік деңгейге сай - вице-министр

27 Тамыз 2018, 17:30
0
Қазақстанда тек екі дәретхана әлемдік деңгейге сай - вице-министр - © pixabay.com
© pixabay.com

Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов Қазақстандағы жол бойындағы дәретханалардың жағдайына қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Вице-министр ведомствоаралық комиссияның отырысы барысында республикалық тасжолдардағы қызмет көрсету жүйесінің әлемдік стандарттардан әлдеқайда қалып қойғанын мәлімдеді.

"Бір турист Қазақстанға келе жатыр делік, кез келген тасжолды алайық... Дәретханаға барғысы келді, бірақ ол бара алмайды. Себебі бізде бірде-бір жол бойында қызмет көрсету жүйесінің әлемдік стандартына сәйкес келмейді. Еріктілер біздің тапсырмамыз бойынша Қазақстан бойынша зерттеу жүргіздік. Содан тек екі дәретхананың әлемдік деңгейде екені анықталды. Олар Астана әуежайындағы жаңа терминалдағы дәретханалар мен Астана вокзалы терминалындағы дәретханалар", - деді Ерлан Қожағапанов.

Вице-министрдің айтуынша, мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері бірігіп, жол бойында қызмет көрсету инфрақұрылымын дамыту керек. 

"Бірақ ол сапалы дәретхана болуы керек. Ең бастысы онда ыстық су болуы тиіс. Бізде жанармай құю бекеттерінің көбінде дәретханалар бар, бірақ олар онда ешкімді кіргізбейді. Кіргізсе тек ақылы кіргізеді. (...) ", - деді мәдениет және спорт вице-министрі.

Мұның алдында вице-министр Талдықорғаннан Алакөлге барар жолдың жағдайын сынға алған еді.

Получить короткую ссылку

Тегтер:

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай