Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қазақстанда тұңғыш электромобильдер жыл соңына дейін шығарылады

29 Қазан 2014, 12:25
0
©REUTERS
©REUTERS

Қазақстанда тұңғыш электромобильдер 2014 жылдың соңына дейін пайда болады. Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің мамандары хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, осы жылдың соңына дейін Өскемен автоқұрастыру зауытының конвейерінен пилоттық жоба ретінде 200 шақырымдық артық жүріс қоры бар қазіргі заманғы электромобильдер шығарылады. "Азия Авто" қуаттылығында өндіріске жоспарланған электромобильдерді электр энергиясының тұрмыстық көздерінен зарядтауға болатыны маңызды. Сөйтіп, оларды Қазақстан жағдайында бүгін, тиісті инфрақұрылым қалыптаспай жатып-ақ қолдану мүмкін болады. Италияның IVECO өндірушісімен келіссөздер жүріп жатыр, Қазақстанда өнім өндіру жолға қойылды", - деп хабарлады министрліктің машина жасау басқармасының жетекшісі Серік Рахымов.

ҚР ИДМ мамандары 2014 жылдың қаңтарында Қазақстан Президентінің халыққа арнаған Жолдауында электромобильдерді енгізу мен оған қажетті инфрақұрылымды жасау жөнінде тікелей тапсырма бергенін еске салды. "Автокөліктерді электрификациялау Астанадан басталады. EXPO-2017 қарсаңында "ҚазМұнайГаз" желісінде астаналық көліктерге электр тарту күші арқылы қызмет көрсететін сегізден кем емес станция пайда болады. Кейін осы жинақталған тәжірибе мен технология елдің өзге аймақтарына таралатын болады", - дейді Рахымов.

Бұған қоса, мамандардың айтуынша, республикада "жасыл көлік" индустриясын дамытуда экономикалық аспектінің маңызды екенін атап өтті. Электромобильдер мемлекет тарапынан болатын субсидиялаусыз дәстүрлі көліктермен бәсекелесе алмайды, оларды шығарудың өзіндік құны сондай.

"2013 жылдың желтоқсанында Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі 2015 жылдың соңына дейін электромобильдерді әкелудің кедендік бажына нөлдік ставка белгілеу туралы шешім қабылдаған болатын. Бірақ біздің шетелдік әріптестеріміздің тәжірибесі электромобильдерді бажсыз әкелудің тұтынушы үшін бұл көліктің қолжетімділігін айтарлықтай арттыра қоймайтын шара екенін көрсетіп отыр. Әсіресе, электромобильдер шығару ісі ел ішінде жолға қойылмаған кезде. Сол себепті Қытайда электромобиль сатып алушы оның бөлшек саудадағы құнының 35 пайызға жуық көлемінде өтемақы алады. Жапонияда тиісті жеңілдіктер бағаны бастапқы құнынан үштен бірге төмендетуге мүмкіндік беріп отыр. Эстонияда тұтынушылар электромобиль сатып алуға көлік құнының 50 пайызы көлеміндегі дотацияға құқылы. АҚШ-та машина құнының 25 пайызы көлемінде дотация беріледі", - дейді Рахымов.

Еске сала кетейік, Жапония мен Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметтік және жеке секторлары бірлескен комиссиясының отырысында ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Инвестициялар және даму министрлігінің басшысы Әсет Исекешевке елде балама қуат көзі бар автокөліктерді дамыту мәселесін қарастыруды тапсырған еді. "Бүгін гибрид автокөліктер немесе тұтас электромобильдерді дамыту мүмкіндігі туралы ұсыныс айтылды, бірақ ол үшін Үкімет тарапынан кейбір жеңілдіктер мен ынталандырулар талап етіледі", - деді Мәсімов. ҚР Сыртқы істер министрлігі мұндай жобаларды жапониялық әріптестермен бірлесіп іске асыру мүмкіндігі қарастырылатынын айтты.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай