01 тамыз 2016 18:21

Қазақстандық азаматшаның ДАИШ тұтқыны болғаны жайлы мәлімет түскен жоқ - ҚР СІМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР СІМ © Тұрар Қазанғапов ҚР СІМ © Тұрар Қазанғапов

ҚР СІМ ресейлік ақпарат құралдарында жарияланған қазақстандық азаматшаның Ресейден оның қызы мен немерелерін ДАИШ ұйымынан құтқаруын сұраған өтінішіне қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "ҚР Сыртқы істер министрлігіне мұндай өтінішпен ешкім хабарласқан жоқ", - деді ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов.

Осыған дейін L!fe басылымы Қазақстан тұрғынының Ресейдің арнайы қызметінен оның қызы мен немерелерін ДАИШ ұйымынан құтқаруын сұрағаны жайлы хабарлаған болатын. Басылымның мәліметінше, 26 жастағы қазақстандық азаматша Гүлнар Бағаева (аты-жөні өзгертілген) өзінің балаларымен ДАИШ ұйымының қамауына түскенін айтып, балаларын құтқаруын сұрады.

Гүлнардың анасының айтуынша, осыдан үш жыл бұрын оның қызы құрбыларымен бірге Түркияға баратыны жайлы айтқан. Ал бірнеше ай өткен соң Гүлнар өзінің Сирияда екенін және тұрмысқа шыққанын айтқан. Кейіннен ол сонда екі бала босанған екен.

"Әйел Қазақстандағы барлық арнайы қызметтегілердің көмегіне жүгінген. Қазір олар бұл мәселемен айналысып жатыр. Олардың айтуынша, қыз көрші елге кетуі керек болған. Біз ресейлік құқық қорғау органдарына арыз жаздық. Қазақстандағы татулық пен келісім орталығының атынан адам құқығын қорғау органдарымен байланысқа шықтық. Қазір жауап күтіп отырмыз. Біздің үлкен тәжіребиеміз бар. Бірнеше отбасыға көмек көрсетіп жүрміз. Біз арнайы қызметтегі мамандарымыздың еңбегі нәтижелі болады деп сенеміз",- деді татулық пен келісім орталығының маманы Диана Эмирова.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети