24 ақпан 2022 12:29

Қазақстандық бітімгерлер Украинаға жіберіле ме? Әшімбаев жауап берді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс аймағына Қазақстаннан бітімгерлік күш жіберу туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс аймағына Қазақстаннан бітімгерлік күш жіберу туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат отырысында журналистер сауалына жауап берген Әшібаев қақтығыс аймағы ҰҚШҰ-ға мүше елдер аумағына кірмейтінін айтты.

"Жалпы, бұл жағдайда мынадай мәселе маңызды: Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) мүшесі. Осыған байланысты сұрақ туындайды: қақтығыс аймағына қазақстандық бітімгерлер жіберілуі мүмкін бе? Мұнда біздің позиция анық. БҰҰ жарғысына сәйкес және басқа да құжаттарға сәйкес, Қазақстан ҰҚШҰ елдерінен тысқары жерлерге бітімгерлерді тек БҰҰ мандатына сәйкес қана жібере алады. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарттың жарғысына сәйкес ҰҚШҰ елдерінің бітімгершілік күштері, ҰҚШҰ елдері аумағында ғана қолданылады. Қақтығыс аймағы ұйымға қатысушы елдер аумағына кірмейді. Сондықтан осы шарттарға, ратификацияланған келісімдерге сәйкес ҰҚШҰ шеңберіндегі бітімгерлерді қақтығыс аймағына жіберуге құқығымыз жоқ", - деп түсіндірді Сенат спикері.

Сенат төрағасы Әшімбаев Украинадағы оқиғалар туралы: Бейбіт шешімін іздеу керек

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети