28 шілде 2021 14:26

Қазақстандық шенеуніктердің 950 миллион теңгесі Сингапурда сақталған

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Декларациялардың бірінші кезеңін талдау кезінде мемлекеттік қызметкерлер ақшасын Сингапурда сақтағанды жөн көретіні, ал жылжымайтын мүлікті Ресейден сатып алатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі inbusiness.kz басылымына сілтеме жасап.


Декларациялардың бірінші кезеңін талдау кезінде мемлекеттік қызметкерлер ақшасын Сингапурда сақтағанды жөн көретіні, ал жылжымайтын мүлікті Ресейден сатып алатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі inbusiness.kz басылымына сілтеме жасап.

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны 465 мыңнан аса жеке тұлға, оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер, оларға теңестірілген тұлғалар, сондай-ақ олардың жұбайы тапсырған. Мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) мәліметінше, декларацияны ұсынған 465 мың жеке тұлғаның 117-сінде шетелдік банкте есепшоттары бар (29 елде).

Декларацияланған ақшаның ең көп сомасы келесі ел банктерінде сақталған:

©inbusiness.kz

176 жеке тұлға шет мемлекеттің құзыретті органында тіркелген 221 жылжымайтын мүлік нысанын  декларациялады.

Талдау нәтижесі жылжымайтын мүліктің ең көп саны келесі елдерде тіркелгенін көрсетті:

©inbusiness.kz

Декларацияны тапсырған 465 мың жеке тұлғаның 333-і шет мемлекеттің құзыретті органында тіркелген 392 көлік құралын декларациялады.

МКК мәліметінше, Қазақстан аумағында тіркелген мүлікке қатысты қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда уәкілетті органдарда тіркелген жылжымайтын мүлік пен көлік құралдарын көрсету бойынша талап жоқ.

Шенеуніктердің декларациялары ашық түрде жарияланады ма деген сұраққа МКК жариялануға жататын мәліметтер тізбесін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган айқындайтынын хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.85   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети