24 сәуір 2020 17:21

Қазақстандық танымал педиатр коронавирустан қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жоғары дәрежедегі педиатр Гүлназым Нұрғалиева 22 сәуірде Алматыда қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жоғары дәрежедегі педиатр Гүлназым Нұрғалиева 22 сәуірде Алматыда қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұрғалиеваның күйеуі - хирург, ал тұңғыш ұлы - қалалық № 12 ауруханада травматолог болып жұмыс істейді. Отбасындағылардың айтуынша, 16 сәуірден бастап әкесі мен ұлы каратинде ем алып жатқан.

"Анамның жүрегі шыдамады. Суық тиюден емдейтін сияқты ем қабылдады. Себебі вирустың ешқандай белгілері болған жоқ. Қайтыс болғанға дейін бір күн бұрын жедел жәрдем келіп кетті, олар да ешқандай белгі байқаған жоқ. Анам қайтыс болмай тұрып, бір сағат бұрын маған хабарласып, барлығы жақсы екенін айтты. Алайда кейін есінен танып қалған. Оны жақындарының және туыстарының қатысуынсыз жерледі. Хаттама бойынша коронавирус жұқтырғандарды осылай жерлейді екен", - деді дәрігердің кенже ұлы Тимур Қуандықов.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети