Қазақстандықтар желтоқсанда қанша күн демалады?

05 Қараша 2017, 09:31
1
Қазақстандықтар желтоқсанда қанша күн демалады? -

Қазақстан тұрғындары 2017 жылдың желтоқсанында қосымша үш күн демалады. Яғни, қазақстандықтар желтоқсанда 13 күн демалады, -  деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елімізде 1 желтоқсан Тұңғыш Президенттің күні болып саналады. Бұл күн жұма күніне түсіп тұрғандықтан қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады – 1-3 желтоқсан. Айта кетейік, 2 желтоқсан (сенбі) бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар ғана демалады. Ал 6 күн жұмыс істейтіндерге 2 желтоқсан жұмыс күні болып саналады.

16-17 желтоқсанда Қазақстанда Тәуелсіздік күні аталып өтеді. Биыл бұл мереке сенбі және жексенбіге түсіп тұр. Осыған байланысты 18-19 желтоқсан демалыс болып саналады.

Осылайша, қазақстандықтардың көбі қатарынан төрт күн демалады - 16, 17, 18 және 19 желтоқсан. Айта кетейік, 18 желтоқсанда (дүйсенбіде) бес күн жұмыс істейтіндер ғана демалады. Ал 6 күн жұмыс істейтін қазақстандықтарға 18 желтоқсан, керісінше, жұмыс күні болып саналады.

Осыған дейін ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстандағы мерекелік күндер тізбесін бекіткен болатын. Онда 46 күн ресми түрде мерекелік күндер болып саналады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай