16 желтоқсан 2020 00:00

Қазақстандықтар Тәуелсіздіктің 29 жылдығын атап өтіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©️ Tengrinews.kz ©️ Tengrinews.kz

Қазақстандықтар Тәуелсіздіктің 29 жылдығын атап өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандықтар Тәуелсіздіктің 29 жылдығын атап өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі және мемлекеттік егемендігі туралы заң қабылданған.

16 желтоқсан - Қазақстанда мерекелік демалыс күні. Аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін 17, 18 және 19 желтоқсанда да демалыс болады. 20 желтоқсан, жексенбіде ел тұрғындары жұманың орнына жұмысқа шығады.

2021 жылы қазақстандықтар тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтеді.

Бұған дейін Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев үндеу жасап, Қазақстан халқын құттықтап, алғыс айтқан болатын.

Сауда орталығы, сауда үйлері мен базарлар мереке күндері әдеттегідей сағат 23.00-ге дейін жұмыс істейді. 19 желтоқсанда 20.00-ге дейін. 20 желтоқсан, жексенбіде нысандардың жұмысы тоқтатылады.

Алматыдағы сауда орталықтары да әдеттегідей жұмыс істейді. Азық-түлік емес және азық-түлік сататын базарлардың қызметіне сағат 17.00-ге дейін рұқсат етіледі. Бірақ сыйымдылығы 30 пайыздан аспай, әр келушіге төрт шаршы метрден кем болмауы керек.

Алматыда мереке күндері қоғамдық көліктің жұмысы өзгеріссіз болады. Автобустар мен метрода маска режимі сақталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети