19 мамыр 2023 17:10

Қазақстандықтарға ақпараттық жүйелердегі қатеге байланысты ХҚКО-ға жүгіну ұсынылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Журналистермен кездесуде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова қазақстандықтардың проактив форматта жәрдемақы алуына кедергі келтіретін ақпараттық жүйелердегі қате туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Журналистермен кездесуде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова қазақстандықтардың проактив форматта жәрдемақы алуына кедергі келтіретін ақпараттық жүйелердегі қате туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, жуырда ведомствоға жәрдемақы тағайындау үшін СМС ала алмаған көпбалалы ана жүгінген.

"Расында, оның төрт баласы бар, оған жәрдемақы тағайындау керек еді. Алайда АХАЖ құжаттары 2008 жылдан бастап цифрландырылған болып шықты. Ал оның бір баласы 2005 жылы туған. АХАЖ ақпараттық жүйесінде оның үш баласы ғана бар екені анықталды. Ал төртінші бала туралы ақпарат қағаз жүзінде. Біз одан ХҚО-ға жүгінуін, өтініш жазуын өтіндік, содан кейін баланы базаға қосамыз және ол жәрдемақы ала бастайды. Сол жылдардан бері барлық ақпараттық жүйелер цифрландырылған жоқ, осыған байланысты мұндай қате бар", - деп мойындады Тамара Дүйсенова.

Оның айтуынша, бүгінде цифрлық даму министрлігі сервистік қосымшалармен жұмыс істеп жатыр, олардың көмегімен адам қажет болған жағдайда өзгерістер енгізу үшін өз деректерін тексере алады.

"Осындай кемшіліктер әлі де бар, соған байланысты сіздерден егер біреуге СМС-хабарлама келмесе немесе жәрдемақы тағайындалмаса, Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну керек. Бұл мәселені проблемасыз шешуге болады", - деді министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети