Қазақстандықтарға Temu, AliExpress және iHerb-тен зат сатып алудың жаңа ережелері түсіндірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

маркетплейстер Сурет Grok нейрожелісінің көмегімен жасалған

2026 жылдың екінші жартысынан бастап ЕАЭО елдерінде Temu, AliExpress, iHerb және басқа да шетелдік маркетплейстерден сатып алынатын тауарларға қатысты жаңа ережелер күшіне енеді. Қаржы министрлігі өзгерістерді түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


2026 жылдың екінші жартысынан бастап ЕАЭО елдерінде Temu, AliExpress, iHerb және басқа да шетелдік маркетплейстерден сатып алынатын тауарларға қатысты жаңа ережелер күшіне енеді. Қаржы министрлігі өзгерістерді түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Егер сатып алынған тауардың құны 200 еуродан (114 мың теңге) аспаса, ешқандай өзгеріс болмайды:

  • • кедендік баждар мен салықтарды төлеудің қажеті жоқ;
  • • тауар бұрынғыдай жеткізіледі;
  • • кеден органдарына өз бетінше жүгіну талап етілмейді;
  • • сатып алушының атынан декларацияны электрон сауда операторлары рәсімдейді.

Шетелдік маркетплейстерден жеке тұлғалар сатып алатын тауарлар "электрон сауда тауарлары" атты жеке санатқа жатқызылады.

"Олар үшін кедендік декларацияның жаңа түрі "электрон сауда тауарларына арналған декларация" енгізіледі. Мұндай декларацияда әртүрлі жеке тұлғаларға тиесілі 999 тауар туралы мәлімет көрсетуге болады. Бұл декларацияны сатып алушылардың атынан кеден органдарына электрон сауда операторлары ұсынады. Бұл – кеден ісі саласындағы жаңа институт", - деп түсіндірді Қаржы министрлігіндегілер.

Сонымен қатар, салмақ шегі (31 килограмм) алып тасталады. Бажсыз лимит 200 еуро деңгейінде сақталады.

Егер тауардың құны 200 еуродан асса, онда оның құнынан 5 пайыз мөлшерінде кедендік баж және 16 пайыз ҚҚС алынады.

Мысалы, егер құны 250 еуро (шамамен 142 500 теңге) болса, онда 12,5 еуро (шамамен 7000 теңге) баж салығын және ҚҚС төлеу қажет болады. Егер тауар 500 еуро (шамамен 285 000 теңге) тұрса, онда баж салығы 25 еуро (шамамен 14000 теңге) және ҚҚС болады.

Министрліктің мәліметінше, қазір мұндай тауарларға бажсыз шектен асқан сомадан 15 пайыз (ҚҚС-ты қосқанда) мөлшерінде бірыңғай төлем қолданылады.

Жаңа ережелер интернет-сауданы ретке келтіруге және жеке пайдалануға арналған заттар ретінде тауарлардың коммерциялық партияларын әкелумен күресуге бағытталған. Өзгерістер ЕАЭО аумағындағы және жергілікті интернет-алаңдар, соның ішінде Wildberries, Ozon және Kaspi.kz арқылы сатылатын тауарларға қатысты емес.

"Осылайша, құны 200 еуроға дейінгі жеке пайдалануға арналған тауарларға тапсырыс беретін сатып алушылардың көпшілігі үшін сатып алу және сәлемдемелерді алу процесі бұрынғы күйінде қалады", - делінген таралған хабарламада.

Бұған дейін біз Қазақстанда AliExpress, Amazon және Temu-дан зат сатып алу ережелері өзгеретіні туралы жазған болатынбыз. Заңнамаға интернет арқылы шетелден тауар сатып алудың жаңа ережелері енгізіліп жатыр, ал шетелдік маркетплейстерде тапсырыс берілетін тауарлар үшін міндетті баж салығы енгізіледі.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 487.24   566.56   6.63 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +20
Астана +24
Ақтау +23
Ақтөбе +18
Атырау +24
Б
Балқаш +27
Ж
Жезқазған +23
Қ
Қарағанды +22
К
Көкшетау +20
Қ
Қостанай +25
Қызылорда +26
П
Павлодар +19
Петропавл +26
С
Семей +18
Т
Талдықорған +24
Тараз +26
Түркістан +18
О
Орал +21
Ө
Өскемен +26
Ш
Шымкент +25

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер