12 қаңтар 2023 14:31

Қазақстанның 3 облысында қарлы боран салдарынан жолдар жабылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарлы боран салдарынан үш облыста жол учаскелері жабылды. Астанадан Павлодар облысының шекарасына дейін және Теміртаудан Қарағандыға дейінгі жолдар жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарлы боран салдарынан үш облыста жол учаскелері жабылды. Астанадан Павлодар облысының шекарасына дейін және Теміртаудан Қарағандыға дейінгі жолдар жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

QazAvtoJol баспасөз қызметінің мәлімтінше, Астанадан екі облыс арқылы өтетін бір тасжолдың екі бөлігі жабылған:

- Астана - Ерейментау - Шідерті 16-200 шақырым, Астанадан Павлодар облысының шекарасына дейінгі учаске;
- Астана - Ерейментау - Шідерті 200-254 шақырым, Ақмола облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейінгі учаске.

Сонымен қатар, сағат 13:30-да ауа райының нашарлауына, боранға, көрінудің шектелуіне байланысты Қарағанды ​​және Павлодар облыстарында көліктің барлық түрлері үшін келесі учаскелерде қозғалысқа шектеу енгізілді:

- Қызылорда - Павлодар 967-1135 шақырым, Молодежный ауылынан Павлодар облысының шекарасына дейін;
- Екатеринбург - Алматы шақырымдары 1446-1457, Теміртаудан Қарағандыға дейін;
- Қызылорда - Павлодар 1135-1206 шақырымдар, Қарағанды ​​облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети