27 наурыз 2019 13:41

Қазақстанның жаңа Президенті. Тоқаев бірінші аптада қандай іс атқарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының алдында ант беру рәсімінен бері бір апта уақыт өтті. Осы уақыт ішінде жаңа Президент бірнеше кадрлық тағайындау жүргізіп, іссапарға шықты. Tengrinews.kz тілшісі Тоқаевтың Президент лауазымындағы алғашқы сегіз күні қалай өткенін еске алады. 


Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының алдында ант беру рәсімінен бері бір апта уақыт өтті. Осы уақыт ішінде жаңа Президент бірнеше кадрлық тағайындау жүргізіп, іссапарға шықты. Tengrinews.kz тілшісі Тоқаевтың Президент лауазымындағы алғашқы сегіз күні қалай өткенін еске алады. 

2019 жылы 19 наурызда 19:00-де республикалық телеарналар эфирінде Нұрсұлтан Назарбаев президенттік өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді. Қызметінен кете отырып, олТұңғыш Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанды басқаруға сеніп тапсыруға болатынын айтқан еді. 

20 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев ант қабылдады. 

"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Конституция мен Қазақстан Республикасының заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқығы мен бостандығына кепіл беруге, Қазақстан Республикасының Президенті ретінде жүктелген міндеттерді адал атқаруға салтанатты түрде ант беремін", - деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тоқаев келесі сайлау мерзіміне дейін Қазақстан Президенті болды. Оған куәлік, төс белгі және Мемлекет басшысының штандарты тапсырылды. 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент қызметіндегі алғашқы сөзі

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне Нұрсұлтан деп атауды және еліміздегі қалалардың орталық көшелеріне Нұрсұлтан Назарбаев есімін беруді ұсынды, сондай-ақ, оның құрметіне монумент тұрғызылатынын айтты. 

Осы күні Парламент Сенатының төрағасы болып Дариға Назарбаева тағайындалды. Президент Тоқаев оның кандидатурасын депутаттарға ұсынды. 

20 наурызда кешкі уақытта Қасым-Жомарт Тоқаев Президент әкмшілігінің басшылығымен, премьер-министр Асқар Маминмен, министрлермен және Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевпен кездесті.

21 наурызда Тоқаев пен Назарбаев елордалық алаңға Наурыз мейрамын тойлауға келді. 

Бүгінде Наурыз - ортақ шаңырағымыз - Қазақстан Республикасындағы достықты, өзара құрмет пен келісімді нығайтуға септігін тигізетін шын мәніндегі жалпыхалықтық мейрам. Оның мәңгілік мәні - ең жоғары құндылығымыз бен ортақ байлығымызды - халықтың ынтымағын бекемдеу. "Бірлік бар жерде, тірлік бар" дейді халық даналығы. Әз-Наурыз әр отбасына бақ-береке әкелсін!", - делінген Президенттің құттықтауында. 


© Тұрар Қазанғапов

22 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусымнан бастап бюджеттік саладағы қызметкерлердің жалақысын өсіруді тапсырды. Бұл Тоқаевтың Мемлекет басшысы ретінде жазған алғашқы твиттерінің бірі еді. 

"Үкіметке бюджеттік салада төмен жалақы алатындардың жалақысын өсіруді 1 шілдеден 1 маусымға ауыстыруды тапсырдым. Бұл шешім бір миллионнан аса азаматтық және мемлекеттік қызметкердің өміріне әсерін тигізеді", - деп жазған еді Тоқаев өзінің Twitter парақшасында.

Айта кетейік, Тоқаев Twitter желісіндегі блогын 2011 жылдың шілде айынан бері жүргізіп келеді. 

23 наурызда Тоқаев Түркістанға барды. Ол бірінші сапарын неліктен осы қалаға жасағанын түсіндірді


© akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің археологиялық және архитектуралық ескерткіштерімен танысып, Қожа Ахмет Яссауи кесенесін аралап көрді және жастармен кездесті. 

Сондай-ақ, Президент Отырар ықшамауданында болып, "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша салынып жатқан 26 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарымен танысты. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапары барысында Шымкент қаласының әкімшілік-іскерлік орталығын аралап, "Shymkent city" жаңа ауданының макетін, әуежайдың жаңа терминалын көрді. "Ескі қалашық", Қошқар ата өзенінің жағалауын абаттандыру және "Тұран" шағын ауданының инженерлік инфрақұрылымын салу жобаларымен танысты.


© akorda.kz

Осы күні Президент Астананы Нұр-Сұлтан деп қайта атау туралы қаулыға қол қойды.

24 наурызда Қазақстан Президенті Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев пен Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановты және "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады.

Сонымен қатар, Бақытжан Сағынтаев Президент Әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындалды, ал Марат Тәжин Мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындалды.

Кешкі уақытта Қасым-Жомарт Тоқаев, Бақытжан Сағынтаев, Асқар Мамин және Әділбек Жақсыбеков футболдан Қазақстан құрамасының ойынын тамашалады. Өкінішке қарай, біздің команда Ресей құрамасынан ірі есеппен жеңілді

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметке тағайындалуына байланысты бірнеше мемлекеттің президенттері және халықаралық ұйымдардың төрағалары құттықтады. 

Құрама Штаттары Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ пен Қазақстан арасындағы берік әрі қарқынды қарым-қатынасын орнатып, дамуындағы үлесін жоғары бағалайды. (...) Қазақстанның жаңа Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтап, екі ел арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті тереңдету бойынша біріккен жұмыстар жалғасады және экономикалық даму, сауда және инвестиция салаларындағы ұзақмерзімді өзара мүдделерімізді әрі қарай дамытамыз деп, өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етеміз деп үміттенеміз", - делінген құжатта.

25 наурызда Тоқаев Дархан Кәлетаевті Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындады. 

26 наурызда Twitter желісіндегі парақшасында "Қаламқас кен орнындағы өртті тоқтатып, төтенше жағдайды қалыпқа келтіру жөнінде тиісті шаралар қабылдауды тапсырғанынын және бақылауға алғанын жазды. 

Сондай-ақ, Тоқаев Сыздықовты сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети