27 қыркүйек 2016 10:01

Қазақстанның Ұлттық брендін анықтау жөніндегі байқаудың мерзімі ұзарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© facebook.com / Дәурен Абаев © facebook.com / Дәурен Абаев

ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Facebook желісіндегі ресми парақшасында Қазақстан Республикасының Ұлттық брендін анықтау жөніндегі байқаудың Ұйымдастыру комитеті өтінімдер қабылдауды 2017 жылдың 15 қазанына дейін ұзарту жөнінде шешім қабылдағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Facebook желісіндегі ресми парақшасында Қазақстан Республикасының Ұлттық брендін анықтау жөніндегі байқаудың Ұйымдастыру комитеті өтінімдер қабылдауды 2017 жылдың 15 қазанына дейін ұзарту жөнінде шешім қабылдағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Министрдің айтуынша, соңғы аптада министрліктің атына байқау мерзімін ұзарту жөнінде көптеген өтініш түсіпті. Олардың көпшілігі байқау туралы дер кезінде естіп үлгермегенін алға тартқан. Министрлік осы орайда көпшіліктің ұсыныс-тілегін ескергенді жөн көрген екен. 

Айта кетейік, байқауға қазіргі күнге дейін 260 жұмыс келіп түсіпті. "Бұл жұмыстарға қарап, Ел даңқын асқақтатуға деген құштарлықты көруге болады", - деген министр әлі іріктеліп алынбаған, кездейсоқ таңдалған бірнеше жұмысты назарларыңызға ұсынған.

Еске салайық, Қазақстандағы ұлттық бренді пайда болатынын Дәурен Абаев биылғы 31 тамыхзда хабарлаған болатын. Министрдің айтуынша, қазіргі әлемде елдік брендинг мемлекеттің инвестициялық және туристік тартымдылығының деңгейін айқындап, өндіретін тауарларының танымал болуына, халықаралық аренадағы беделіне, тіпті жаһандық еңбек бөлінісінен орын алуына да ықпал ететіні белгілі.

"Әрине, сапалы елдік брендингке қашан да сол мемлекеттің шынайы жетістіктері негіз болмақ. Бұл дегеніміз халықтың білім деңгейі, инфрақұрылымды дамыту көрсеткіші, сыбайлас жемқорлықпен күрестегі тиімділігі, спорттағы және басқа да жетістіктері. Сонымен қатар, елдің имиджін сауатты түрде ілгерілету үшін онымен байланысты образдар, идеялар мен ассоциациялар креативті, қайталанбас әрі жадыңда жатталып қалатын символикамен біте қайнасуы керек. Осындай іргелі істі біздің еліміз де қолға алуда. Атап айтқанда, бүгін Қазақстанның Ұлттық брендін анықтау жөніндегі конкурс басталады.", - деп жазды министр.

Айта кетейік, байқауға ұсынылған жұмыстарды жинақтау министрліктің сайтында (https://mic.gov.kz/kk/competition) бір ай бойы жүргізіледі. Өтініммен бірге логотип, ұран, еркін формада жазылған және жұмыстың мәні мен мазмұнын ашып көрсететін қысқаша тұжырымдама жолдануы тиіс.

Министрдің айтуынша, байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші - интернетте дауыс беру. Өтінімдерді жинаудың қорытындысы бойынша 15 күн ішінде жұртшылық олардың арасынан үздік дегенін таңдайды. Екінші – интернетте дауыс беру нәтижесінде іріктелген үздік жұмыстар (ең көбі -10 жұмыс) Сарапшылық кеңес алдында таныстырылады. Кеңеске танымал қоғамдық және саяси қайраткерлер, мәдениет пен өнер саласының өкілдері, сонымен бірге отандық және халықаралық сарапшылар енеді.

"Байқауға мамандығына, заңды мәртебесіне, жасы мен азаматтығына қарамастан, кез келген адам қатыса алады. Жеңімпаз 5 миллион теңге көлеміндегі сыйақыға ие болады, - деп хабарлаған еді Дәурен Абаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети