Қазанда ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазанда ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстан бойынша 2020 жылдың қазанына арналған ауа райын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстан бойынша 2020 жылдың қазанына арналған ауа райын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Консультативтік болжамға сәйкес 2020 жылдың қазан айында Қазақстанның солтүстік-шығыс, орталық, оңтүстік-шығыс өңірлеріне суық арктикалық ауа массаларының жиі келуі және Жерорта теңізінің шығыс жағалауынан еліміздің оңтүстік-батысына жылудың шығарылуы күтіледі. Нәтижесінде орташа айлық ауа температурасы республиканың басым бөлігінде климаттық норма шамасында болады деп күтіледі. Қазақстанның оңтүстік-батыс жартысында нормадан 1°С жоғары, еліміздің солтүстік-шығыс бөлігінде нормадан 1°С төмен болады", - деп хабарлады синоптиктер.

Биыл қазанда жауын-шашын мөлшері Қазақстанның басым бөлігінде нормаға жуық, еліміздің солтүстік-шығыс жартысында және Алматы облысының шығысында нормадан көп болады деп болжанады.

"Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде құрғақ және шуақты ауа райы күтіледі. Еліміздің солтүстік жартысында ауа температурасы түнде -2+7°С, күндіз ауа біртіндеп +12+20°С дейін жылынады, оңтүстік жартысында және батыста - түнде +5+13°С, күндіз +17+25°С болады деп күтіледі.  5 қазаннан бастап Солтүстік циклонмен және арктикалық атмосфералық фронттардың өтуімен жауын-шашын түседі. Солтүстік жартысында жаңбырдың арты ылғалды қарға ауысуы мүмкін, тұман және желдің екпіні секундына 15-23 метр дейін күшеюі мүмкін. Жауын-шашынның тоқтауымен күзге тән суық түндер мен ашық желсіз күндер келеді. Тек еліміздің батысында, оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Бірінші онкүндікте ауа температурасы:

батыста кезеңнің ортасында түнде 0,+5°С дейін, күндіз +12+17°С дейін;

солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта және шығыста кезеңнің ортасында және соңында түнде -1-8°С дейін, күндіз 0,+7°С дейін;

оңтүстікте, оңтүстік-шығыста онкүндіктің соңында түнде 0,+5°С дейін, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда 3 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін, күндіз +7+12°С дейін;

оңтүстік-батыста онкүндіктің ортасында түнде +5+12°С дейін, күндіз +15+20°С дейін төмендеуі күтіледі.

Бірінші онкүндіктің соңында ауа температурасы алдымен Қазақстанның батысында, содан кейін республиканың қалған аумағында көтеріледі",- деп атап өтті Қазгидромет өкілдері.

Қазанның екінші және үшінші онкүндігінде Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болжанады: жаңбыр - негізінен оңтүстік және батыс өңірлерде, жауын-шашын (жаңбырдың арты ылғалды қарға ауысады) - солтүстік, орталық, шығыс өңірлерде, сондай-ақ елдің оңтүстік-шығысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында болжанады.  

Жылу толқындармен жекелеген күндері ҚР оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс жартысында күндіз ауа температурасы +15+25°С дейін, солтүстікте, орталықта және шығыста +10+20°С дейін жылынуы мүмкін.

Суық толқындармен ауа температурасы:

ҚР солтүстік-батыс, солтүстік, орталық  және шығыс өңірлерінде түнде -1-10°С дейін, күндіз 0,+5°С дейін;

еліміздің оңтүстік және оңтүстік-батыс жартысында түнде -5+5°С дейін, күндіз +2+10°С дейін төмендеуі мүмкін.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 486.51   567.34   6.86 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +31
Астана +32
Ақтау +23
Ақтөбе +19
Атырау +22
Б
Балқаш +36
Ж
Жезқазған +32
Қ
Қарағанды +34
К
Көкшетау +22
Қ
Қостанай +37
Қызылорда +34
П
Павлодар +33
Петропавл +33
С
Семей +34
Т
Талдықорған +35
Тараз +37
Түркістан +20
О
Орал +30
Ө
Өскемен +35
Ш
Шымкент +30

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер