Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

"ҚазМұнайГаз" "ҚазТрансГаз" акцияларын 1 теңгеге берді 10 қараша 2021, 11:38

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы "ҚазТрансГаз" компаниясының 100 пайыз акциясын "Самұрық-Қазына" қорына өткізетінін хабарлады, - деп хабарлайды
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы "ҚазТрансГаз" компаниясының 100 пайыз акциясын "Самұрық-Қазына" қорына өткізетінін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ 9 қарашада "ҚазТрансГаз" АҚ акцияларының 100 пайызын "Самұрық-Қазына" АҚ пайдасына беру туралы хабарлайды. Мәміле сомасы - 1 теңге", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 2021 жылғы 11 наурызда "ҚазМұнайГаз" бен "Самұрық-Қазына" қоры арасында жасалған сенімгерлік басқару шарты да бұзылған.

Акцияларды беру 2020 жылғы 3 маусымда Нұрсұлтан Назарбаев төрағалық ететін "Самұрық-Қазына" қорының басқару кеңесінің тапсырмаларын, сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Самұрық-Қазына" қорын басқару жөніндегі кеңесті құру туралы тапсырмасын орындау мақсатында жүзеге асырылғаны аталды. 

"Мәміле алдында бірқатар заңды және қаржылық шартты орындау, оның ішінде ҚМГ кредиторлары мен тиісті мемлекеттік органдардың келісімдерін алу болды. Бірінші кезеңде 2020 жылғы қазанда ҚМГ 750 миллион доллар сомасына еурооблигациялар қайта қаржыландырылды. Келесі кезең барысында 2021 жылғы маусымда ҚМГ-ның қалған еурооблигацияларын ұстаушылардың ҚТГ-ні бөлуге келісімі алынды.

Бұдан басқа, мәмілені жүргізу ҚМГ-ның банк-кредиторларымен, оның ішінде жекелеген қарыздарды қайта қаржыландыру жолымен келісілді. Жұмыс кезеңдерінің бірі Үкіметтің 2021 жылғы 8 қарашадағы "стратегиялық объектіні иеліктен шығару туралы" қаулысының қабылдануы болды, оған сәйкес ҚМГ сатып алу-сату шартын жасасу арқылы қордың пайдасына ҚТГ акциялар пакетінің 100 пайызын иеліктен шығару бойынша мәміле жүргізуге рұқсат етілді", - деп қосты "ҚазМұнайГаз" өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram