01 қыркүйек 2022 15:48

ҚазҰАЗУ ректордың отставкаға кеткені туралы қауесеттерге жауап берді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:kaznaru.edu.kz Фото:kaznaru.edu.kz

Желіде Тілектес Есполовтың Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ректоры қызметінен кетуі туралы қауесет тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Желіде Тілектес Есполовтың Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ректоры қызметінен кетуі туралы қауесет тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тамыздың аяғында Telegram-арналарында Есполовтың қызметінен кеткені туралы ақпарат пайда болды. Tengrinews.kz редакциясы университетке ресми сауал жолдады. Кейін университет басшылығы сұрақтарға жауап берді.

"Тілектес Есполов еңбек қызметін жалғастырып жатыр және қазіргі уақытта Егіс күніне дайындыққа байланысты жұмыс сапарымен университеттің "Саймасай" оқу-тәжірибе шаруашылығында жүр", - деді ҚазҰАЗУ өкілдері.

Тілектес Есполов – профессор, академик. 2001 жылдан бері ҚазҰАЗУ ректоры. Есполов еңбек жолын 1975 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтының ассистенті болып бастап, комсомол комитетінің хатшысы, кәсіподақ комитетінің төрағасы болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети