19 маусым 2020 17:59

Кемелбек Ойшыбаев ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кемелбек Ойшыбаев. © facebook.com/kemelbek.oishybayev Кемелбек Ойшыбаев. © facebook.com/kemelbek.oishybayev

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Кемелбек Бақтығұлұлы Ойшыбаев Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі лауазымына тағайындалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 


Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Кемелбек Бақтығұлұлы Ойшыбаев Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі лауазымына тағайындалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 

Кемелбек Бақтығұлұлы Ойшыбаев 1977 жылы 13 шілдеде Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "журналист" мамандығы бойынша, 2004 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін "заңгер" мамандығы бойынша тәмамдаған. Сондай-ақ Geneva Business School-де (Швейцария) MBA бағдарламасын оқыған.

Еңбек жолын 2000 жылы "Интерфакс-Қазақстан" АА" ЖШС тілшісі болып бастаған.

2001 жылдан 2007 жылға дейін "Қазақтелеком" АҚ құрылымында басшылық лауазымдарда еңбек еткен.

Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.

2014-2016 жылдары - "Қазмедиа орталығы" басқарушы компаниясы" ЖШС бас директорының орынбасары, бірінші орынбасары.

2016 жылы - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры.

2016-2017 жылдары - "Қазақстан" телерадиокорпорациясы" АҚ басқарма төрағасы.

2019 жылғы маусым айынан бастап қазіргі таңға дейін "Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институты" КЕАҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети