12 қазан 2022 08:46

Кентауда 168 адам фаст-фудтан уланды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында екі айда 168 адам уланған дәмхана әкімшілігіне қатысты іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.


Түркістан облысында екі айда 168 адам уланған дәмхана әкімшілігіне қатысты іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, Кентау қаласындағы қоғамдық тамақтану орнынан суши, пицца, тауық етін жеген 145 адам ішек инфекциясын жұқтырған. Жұрт жаппай ауруханаға түскен соң, полиция басқармасы мен СЭС мамандары дәмхананы жоспардан тыс тексергенде нысанның санитарлық құжаты түгіл  аспаздарының медициналық кітапшасы болмай шыққан.

 Басшылыққа 700 мың айыппұл салынды. 

"Жалпы 145 науқас келіп тіркелді. Оның 98-і  ауруханаға жатқызылды. 47 науқас амбулаторлық емге жіберілді. Түркістан қаласына 31 науқас жатқызылды. Кентау қаласына - 67 науқас. Оның ішінде бес жүкті әйел мен 33 бала бар. Бәрінің жағдайы орташа ауыр. Бүгін жағдайы жақсарған науқастар үйіне шығарылады", - дейді Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Алтын Досанова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети