09 сәуір 2019 13:38

Кезектен тыс президент сайлауына қаражат қайдан алынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кезектен тыс президент сайлауына қаражат Үкімет резервінен алынады. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Кезектен тыс президент сайлауына қаражат Үкімет резервінен алынады. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Негізінде кезектен тыс сайлауға қаражат қарастырылмайды. Кез келген кезек күттірмейтін шығындар үшін қарастырылған үкімет резерві бар. Кезектен тыс сайлау немесе шұғыл шығындар, егер сондай жағдай болып жатса, онда қаржыландыру үкіметтің резервтерінен жүргізілетін болады", - деді Дәленов журналистерге үкімет кулуарында. 

Бүгін, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымда өтетінін мәлімдеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети