Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Көлікті сақтандыру құжатымен ғана сенімхатсыз жүргізуге болады

05 Қаңтар 2015, 19:16
1
©Kolesa.kz
©Kolesa.kz

Қазақстан Республикасында көлікті сақтандыру құжатымен ғана сенімхатсыз жүргізуге болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әкімшілік полиция комитетінің басқарма басшысы Қанат Сәдуақасовқа сілтеме жасап. Бүгін Астанада ҚР Ішкі істер министрлігінде жол қозғалысы бойынша бірқатар нормаларды түсіндіруге арналған брифинг өтті.

"Біз сенімхатты міндетті құжаттар тізімінен шығарып тастадық. Бірақ оның фамилиясы (жүргізушінің - Авт.) сақтандыру полисінде болуы керек, себебі жол-көлік оқиғасы болған жағдайда зардап шеккен тұлғаларға өтемақы төленуі қажет. Яғни кілтпен және автокөлікті тіркеу туралы куәлікпен бірге сақтандыру полисі де берілуі керек, онда бұл адамның аты жазылуы қажет", - деді Сәдуақасов.

"Өздеріңіз білетіндей, 1 қаңтардан бастап "Кәсіпкерлерлік қызметке қолайлы жағдайларды түбегейлі жақсарту мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң күшіне енді. Осы заңның аясында біздің органдарда автокөлік құралдарын жүргізуге сенімхат арқылы тіркеуге қатысты нормалар жойылды. Жалпы сенімхат құжат ретінде тізімнен алынды. Яғни бұл заң күшіне еніп қойды және тікелей әсер етеді", - деді ол.

Сәдуақасовтың айтуынша, 1 қаңтардан бастап ішкі істер бөлімдерінің қызметкерлері сенімхат талап етпейді, оны алып жүру міндетті болмайды. "Жол қозғалысының жаңа ережелерінің күшіне ерте еніп қойғанына қарамастан, біз ескерілмеген сәйкес түзетулерді үкімет қаулысына енгіземіз. Заңда түзетулер енгізіліп қойған бөлімдеріне қазір назар аудармау керек, себебі заңның күші бар және жол қозғалысы ережесін келесі жылы біртіндеп сәйкестендіреміз", - деді ол. 

 

Айта кетейік, 2014 жылдың 29 желтоқсанында Қазақстан Ішкі істер министрлігінің көлік құралын тіркеу куәлігінің алғашқы нұсқасын таныстырғаны хабарланған болатын. Көлік құралын тіркеу куәлігінің жаңа нұсқасында автокөлік қозғалтқышының нөмірі көрсетілмейді. Көлік құралын тіркеу куәлігіне көлікті жасап шығарған ел мен алғашқы тіркелген мерзімі және көлік құралының VIN-коды жазылады.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай