05 мамыр 2022 16:34

Конституцияға түзетулер енгізу бойынша референдум қашан өтуі мүмкін екені айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметов Конституцияға түзетулер енгізу бойынша референдум қашан өтуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметов Конституцияға түзетулер енгізу бойынша референдум қашан өтуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін немесе ертең, Президент жарлығы шығуы мүмкін деп күтеміз. Мұның бәрін жарлықтан көреміз. Болжам бойынша, (болатын - еск.) қолайлы күн - 5 маусым, демалыста", - деді Қожахметов Мәжіліс кулуарында.

Депутаттың айтуынша, бұған дейін бір топ ғалымдар мен жұмыс тобының мүшелері Тұңғыш Президент туралы сөздерді алып тастау үшін Президентке сауалмен жүгінген. Қожахметовтың айтуынша, мұндай өтінішті Конституциялық Кеңес қабылдап, "оларды да құжаттар пакетінде қараған".

"Конституциялық Кеңес кеше ғана осы заң жобасын Мәжілісте қараған соң өз шешімін шығарды. Әрине, депутаттарда толық ақпарат болған жоқ. Неге өзгеріс енгізу қажет? Өйткені Конституциялық Кеңесте қаралған қорытынды құжат сәйкес болуы керек. Сондықтан, бүгін республикалық референдум туралы заңды Конституцияға түзетулер енгізу жобасының мәтініне сәйкес үйлестірдік. Жобада мәртебе туралы және Тұңғыш Президенттің Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы екені туралы сөздер алып тасталды. Бірақ шешімді азаматтар референдумда қабылдайды", - деді Арман Қожахметов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети