“Қоңырау шалып, жұмыстан шығаруға тыйым салдым“. Министр мектеп директорын жақтады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Гани Бейсембаев. Фото:gov.kz Гани Бейсембаев. Фото:gov.kz

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Алматы облысында оқушы қаза болған мектептің басшылығын жақтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Алматы облысында оқушы қаза болған мектептің басшылығын жақтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін мектеп директоры қызметінен босатылып, оқу ісінің меңгерушісі мен екі сынып жетекшісіне қатаң жаза қолданылғаны хабарланған еді.

Бейсембаевтың айтуынша, мектеп оқушыларының мектептен тыс жердегі әрекеттеріне ата-аналары жауап беруі тиіс.

"Мен қоңырау шалып, жұмыстан шығаруға тыйым салдым. Мен директор мен сынып жетекшісін қорғадым. Олар өздеріне жүктелген міндетті толық орындады: ата-аналарды ескертті, қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етті. Ал бұл шара ата-аналардың бастамасымен ұйымдастырылған", – деді министр Мәжіліс кулуарында.

Ведомство басшысы оқушылардың ата-ананың қарауында болған кездегі іс-әрекеттері үшін мектеп жауапты бола алмайтынын атап өтті.

"Неге екені белгісіз, бір жағдай бола қалса, біз бірден кінәліні мұғалімдер арасынан іздейміз. Бұл дұрыс емес. Балалардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілік мұғалімдер мен ата-аналарда бірдей болуы керек. Бұл жауапкершілік бөлінбеуі керек", – деді Бейсембаев.

Сондай-ақ, ол әкімдіктерді "Педагог мәртебесі туралы" заңды сақтауға және мұғалімдерге қысым жасамауға шақырды.

Алматы облысындағы жантүршігерлік оқиға

Соңғы қоңырау рәсімінен кейін Қырғауылды ауылындағы мектеп түлектері мерекені атап өту үшін Долан ауылынан жеке үй жалдаған. Мектеп әкімшілігінің айтуынша, кешке екі бітіруші сыныптың оқушылары жиналған.

Трагедия кеш басталғаннан кейін бірнеше сағат өткен соң болған. Марқұм Әлибидің туыстарының айтуынша, кеш соңына қарай балалардың бірі қолына кәуәп пісіретін шампурды алып, басқаларды қорқыта бастаған. Әліби оны сабырға шақырмақ болғанда, жүрек тұсына соққы жасаған. Ол бір ауыз сөз айтуға да үлгермей, оқиға орнында жан тапсырған.

Мектеп директорының айтуынша, мектеп әкімшілігі түлектер кешінен бейхабар болған. Соңғы қоңырау қарсаңында ата-аналардан балалардың мектептен тыс жерде ешқандай шараға қатыспайтыны туралы қолхат алынған.

Күдіктінің ата-анасы – баланы тәрбиелеу міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Пройти опро
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Астанада ірі өрт шықты
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 519.5  course up  611.91  course up  6.59  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer