01 шілде 2021 22:51

"Қорқақтар" - Назарбаев шетелдегі оппозиционерлерді сынға алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шетелде жүрген оппозиционерлерге қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шетелде жүрген оппозиционерлерге қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сіздің көптеген саяси қарсыласыңыз Қазақстаннан тыс жерде қарсы шыға бастады. Олар сол жақтан пікір айтып, жағдайды тұрақсыздандырады. Бұл туралы ойыңыз қандай?", - деп сұрады журналист Айгүл Әділова "Штрихи к портрету" деректі фильмі аясында. 

"Қорқақтар. Егер бір нәрсе айтқың келсе, елге келіп айт. Егер өзіңе сенімді болсаң, онда барлық жүкті өзің көтеріп, дәлелде. Мұнда ақша ұрлап кетті - бұл әділетті емес қой. Сондықтан мен оған жайбарақат қараймын. Ең өкініштісі, оларды мен төменнен көтеріп, бірін министр, бірін банкир, бірін бай қылғанмын. Ұрлайтынын ұрлап, тексеру басталған кезде, ұсталайын деп тұрған сәтте бұл жерден қашып кетті. Бәрі сондай. Жанжалсыз көшіп, сол жақта тұрып жатқан, кем дегенде, бір адамды айтыңызшы - жоқ, бәрі қашқын. Солар үшін қынжыламын", - деді Назарбаев.

Сондай-ақ, Елбасы сатқындар туралы айтты.

"Сатқындар, әрине, қынжылтады, сатқындардың өмірі түптің түбінде жақсылыққа әкеп соқпайды, өйткені оларды сол қате ісі жегідей жейді, өз еліне және халқына қарсы болғанын білдіреді. Ол әрдайым осында, өз елінде, халқының арасында бүлік болғанын қалайды. Бұл не? Бұл дұрыс па? Сондықтан мүлдем алаңдамаймын - олар аларын алады", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети