17 маусым 2024 | 14:24

Король, шейх және президенттер: Қазақстанды Құрбан айт мерекесімен кімдер құттықтады?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Ақорда Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Құрбан айт мерекесіне орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау хаттары мен жеделхаттар келіп түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Құрбан айт мерекесіне орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау хаттары мен жеделхаттар келіп түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев өзінің құттықтауында екі ел басшыларының саяси ерік-жігері мен ортақ іс-әрекетінің арқасында халықтарымыз арасындағы ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан достық, ынтымақтастық және тату көршілік қатынастар стратегиялық серіктестік пен одақтастық деңгейіне көтерілгенін атап өткен. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевтың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Қазақстан халқына бақ-береке тілеген.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров адамзатты мейірімділікке үндейтін осынау қасиетті күнде достас Қазақстан халқының барлық арман-ниеті орындалуына тілектестік білдіреді.

"Біздің елдеріміз арасында қалыптасқан тығыз әрі достық қарым-қатынас бауырлас халықтарымыздың игілігі үшін алдағы уақытта да нығая түсетініне сенімдімін", – деп жазылған жеделхатта.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Қасым-Жомарт Тоқаевқа денсаулық, зор бақыт, аса жауапты қызметіне табыс, ал Қазақстан халқына бейбітшілік пен тұрақтылық, бақ-береке тілеген.

"Бауырлас халықтарымызды ортақ мәдени-рухани құндылықтардан, соның ішінде бүкіл мұсылман үмбеті үшін қасиетті саналатын Құрбан айт мерекесінен бастау алатын берік достық қатынастар мен өзара тілеулестік біріктіреді", – деп жазған Тәжікстан Президенті.

Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов өз құттықтауында тарихи тамыры мыңжылдықтардан басталатын, адамзаттың рухани құндылықтарын паш ететін қасиетті мейрам барша мұсылман үмбетінің өзара түсіністігі мен сенімінің нығаюына ықпал ететінін атап өткен.

Сонымен қатар, Құрбан айт мейрамына орай өздерінің ізгі тілектерін БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, Мысыр Президенті Әбдел Фаттах Әс-Сиси, Иордания Королі II Абдалла, Марокко Королі VI Мұхаммед, Кувейт Әмірі шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабах, Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ, Бахрейн Королі Хамад бен Иса Әл Халифа, Палестина Президенті Махмуд Аббас, БАӘ Вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай Әміршісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, БАӘ Вице-президенті, Премьер-министрдің орынбасары шейх Мансур бен Заид Әл Нахаян, Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Хусрав Нозири, Ислам ынтымақтастығы ұйымының Бас хатшысы Хиссейн Брахим Таха және тағы басқалар жолдады.

Қазақстан Президентінің атына құттықтау хаттары мен жеделхаттар әлі де келіп түсіп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Пройти опро
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.81  course up  542.31  course up  5.25  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer