Қосшыда екі мұғалім мектепте төбелесіп қалған

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видео кадры

Қосшыда екі мұғалім мектепте төбелесіп қалды. Олардың біреуі операциялық үстелге түскен, екіншісі де зардап шеккенін айтып отыр. Екеуі де полицияға жүгінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қосшыда екі мұғалім мектепте төбелесіп қалды. Олардың біреуі операциялық үстелге түскен, екіншісі де зардап шеккенін айтып отыр. Екеуі де полицияға жүгінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жетінші арна" мәліметінше, жанжал сәуірде болған, алайда мұғалімдер полицияға арызды тек қазір ғана жазған.

IT пәнінің мұғалімі Бекарыс Жақсыбаевтың айтуынша, ол әріптесіне амандаспақ болған, бірақ ол дөрекі жауап қайтарған.

"Мен тек амандасқым келді, бірақ байқамай әріптесімнің бетін қолыммен қағып кеткен сияқтымын. Ол кейін спортзалға шақырды. Мен бардым, сол жерде ол бетімнен ұрды", – деді мұғалім.

Кейін оған жақ сүйегі сынған деп диагноз қойылып, Астанаға жеткізілген. Ол жерде оған операция жасалады. Ал екінші тарап – тарих пәнінің мұғалімі Ильяс Ибрагим – керісінше, өзі соққыға жығылғанын айтады.

"Мен ешкімді ұрған жоқпын. Керісінше, мені ұрды. Дене шынықтыру мұғалімдері бізді ажыратқанша мені соққыға жықты. Мұрным сынған, ізі әлі бар. Бетім түгел көгеріп қалған еді", – дейді ол.

Лицей директоры Өркен Шахметов сол сәтте жағдай соншалықты күрделі көрінбегенін айтып, жедел жәрдем де, полиция да шақырылмағанын жеткізді.

"Жедел жәрдем шақыруға негіз болған жоқ. Ешкім бізден көмек сұраған жоқ. Қазір педагогикалық кеңес өткізуді жоспарлап отырмыз. Әлі кеш емес", – деп түсіндірді мектеп директоры.

Полиция тергеуді бастап кеткен. Кінәлі кім және жағдайдың нақты қалай болғанын енді тергеушілер анықтайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Пройти опро
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Астанада ірі өрт шықты
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 519.5  course up  611.91  course up  6.59  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer