23 қаңтар 2020 16:22

Қостанайда зейнеткерді ұрып-соққан жүргізуші қылмыстық жауапкершіліктен құтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жәбір көрген 69 жастағы Анатолий Шевцов ірі супермаркеттің экс-директорымен мәмілеге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Жәбір көрген 69 жастағы Анатолий Шевцов ірі супермаркеттің экс-директорымен мәмілеге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Зардап шеккен зейнеткерге моральдық және материалдық зиян өтелгеннен кейін ғана тараптар мәмілеге келді. Lexus жүргізушісі Анатолий Шевцовқа 1 миллион 700 мың теңге берді, жалпы алғанда зейнеткер 2 миллион теңге алған. Осыған дейін, шағымданушы тарап өтемақы ретінде 3,5 миллион теңге сұраған. 

Сот залында талапкер Виталий Кимге қатысты қылмыстық істі тоқтатуды сұрады.

Зейнеткердің өзі сұхбат беруден бас тартты. Екі тарап та сотта істі қысқартуға қарсы емес, прокурор да қарсылық білдірмеді.

Нәтижесінде сот Виталий Ким ҚР Қылмыстық кодексінің 68-бабының 1-бөлігі негізінде ҚР К-нің 107-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылсын және қылмыстық іс қысқартылсын деп қаулы етті.

Еске салайық, оқиға 2019 жылы 23 қазанда гараж кооперативінде болған. Жол талғамайтын көлік жүргізушісі егде жастағы ер адамға бірнеше соққы жасаған. Оқиғаның видеосы да жарияланған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети