ҚР Президенті Малайзия Премьер-министріне көңіл айтты

18 Шілде 2014, 12:23
0

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Украина аумағында Малайзия ұшағының апатқа ұшырауына байланысты елдің Премьер-министрі Наджибу Тун Разакуға көңіл айтып, Жеделхат жолдады, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. Әуе апаты 17 шілде күні кешкілік орын алған болатын.

Малайзиялық саясаткерге бағытталған көңіл айту Жеделхатында  Malaysia Airlines компаниясының "Амстердам - Куала-Лумпур" бағытына беталған ұшағының Украина аумағында апатқа ұшырауы салдарынан көп адамның қаза болғаны туралы қайғылы хабарды  ҚР Президентінің зор күйзеліспен қабылдағаны аталған. Сондай-ақ, Н.Назарбаев Қазақстан халқының атынан Наджибу Тун Разакуға, қаза болғандардың туған-туыстарына шын көңілден көңіл айтқан.

Айта кететіні, қайтыс болғандардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, 17 шілде күні кешкілік Украина аумағында әуе апатынан 298 адам қайтыс болған еді. Boeing-777 лайнері  Malaysian Airlines компаниясына тиесілі және сол күні Нидерланды астанасынан Куала-Лумпурға бет алған ұшақты Донецк облысы аумағында атып түсірген. Қайтыс болғандар арасында  Мельбурндегі конференцияға бара жатқан СПИД-ке қарсы күрестің 100 маманы болған. 

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай