16 сәуір 2015 19:09

ҚР Президенті су тасқыны жайлы: Бәрі бақылауға алынған

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. ©Тұрар Қазанғапов ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев су тасқыны жағдайының бақылауда екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев су тасқыны жағдайының бақылауда екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бұл жылы кейбір өңірлерде бақытсыздық болды, Қазақстанның бес облысында: орталық, солтүстік-шығыс - қар қарқынмен еріп жатыр, күннің тез жылып кетуі су тасқынына әкеліп соқты. 15 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді, мал мен үйлер түрінде материалдық шығын бар, әрине. Біз мұны білеміз. Қазіргі уақытта 3,5 мың адам және бір жарым мың техника сонда қиналып жатқан адамдарға көмектесу үшін жұмыс істеп жатыр. Бақытқа орай, бір де бір адам өлген жоқ", - деді Назарбаев Астанадағы Қазақстан-Түрік бизнес-форумының баспасөз мәслихатында. 

Президенттің айтуынша, ТЖМ қызметінің жұмысшылары қажетті жұмыстардың барлығын ерлікпен атқарып жатыр. "Мен олардың барлығына "көп рақмет" деймін. Мен облыс әкімдерімен байланыстамын. Қарағанды облысына 1 миллиард теңге бөлініп қойды. Су деңгейі төмендей бастады, меніңше, бұл проблеманы шешеміз. Уайымдаудың қажеті жоқ. Бәрі бақылауда, күш бар, барлық мүмкіндіктер пайдаланылып жатыр", - деді Мемлекет басшысы БАҚ өкілдеріне.

"Бұл бірінші рет болып отырған жағдай емес. Наурыздың соңында биіктігі бір жарым метр болатын қардың жауатынын ешкім де күтпеді. Бірақ басқа жағын ойлап көрсек, бұл болашақтағы егінге жақсы. Қазіргі уақытта Қарағанды облысы өзгелерге қарағанда қатты зардап шегіп жатыр, Ақмола облысында аздау, Павлодар облысында бірнеше ауыл бар, бірақ барлық жерде айналысып жатырмыз, қатты уайымдайтын себеп жоқ", - деді Мемлекет басшысы.

Еске салайық, 23-29 наурыз аралығында Қарағанды облысындағы төрт ауданның су астындағы қалғаны тіркелді. Тасқынның екінші толқыны 6 сәуірде басталды. Уәкілетті органдардың хабарлауынша, 50 елді мекен су астында қалған. Ақмола, Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының 17 ауданынан 1149 үй көшірілді. Нұра өзені бойында орналасқан Ақмола облысындағы он ауыл мен Астананың шетіндегі елді мекендерді су басу қаупі әлі де бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети