Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы 11 жылға сотталды

06 Наурыз 2015, 18:00
12
©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Нұрлан Жоламанов 11 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. Бүгін Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында атышулы іс бойынша үкім шықты. 

"Жоламанов ҚР ҚК 235 және 366-баптары бойынша қылмыстарды жасауға айыпты деп танылсын және оған 235-баптың 3-бөлігі бойынша өзіне тиесілі немесе бірлескен жалпы меншіктегі үлесі ретіндегі мүліктен айырумен бірге 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасы белгіленсін. 366-баптың 4-бөлігі мүлкін тәркілеумен, мемлекеттік қызметтегі жауапты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырумен бірге 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілсін. Түпкілікті жаза ретінде Жоламановқа мүлкін тәркілеумен, мемлекеттік қызметтегі лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айырумен бірге қатаң режимдегі колонияда 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы белгіленсін", - үкімді оқыған судья Ербол Ахметжанов.

Судья ҚР Президентіне Жоламановты генерал-лейтенант шенінен және мемлекеттік награда - ІІ "Даңқ" орденінен айыру туралы ұсыныс та келтірді. Екінші сотталушы - Қайрат Балмағамбетов қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Ал процеске қатысқан Жоламановтың қызы - Әйгерім үкім жария етілгеннен кейін сот шешіміне қарсылық келтіретінін айтты. "Ешқандай дәлел жоқ. Пара алғандардың бәрі қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Бұл Жоламановқа қатысты сот емес, бұл генерал Жоламановтың жеке басына бағытталған жазалау болды", - деді Әйгерім Жоламанова. Сотталушы Нұрлан Жоламанов та үкімге шағым келтіретінін мәлімдеді.

Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы соттан Жоламановты Қылмыстық кодекстің бұрынғы редакциясының 235-бабының 3-бөлігінде және жаңа редакциясының 366-бабының 4-бөлігінде қарастырылған қылмысты жасауға айыпты деп тануды және 235-баптың 3-бөлігі бойынша мүлкін тәркілеумен бірге 13 жылға бас бостандығынан айыру немесе ҚК 366-бабының 4-бөлігі бойынша мүлкін тәркілеумен бірге және мемлекеттік қызметте лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айырумен бірге 14 жылға бас бостандығынан айыру жазасын белгілеуді сұрады.

Сот алдында Алматы 2458 әскери бөлімінің бұрынғы командирі Қайрат Балмағамбетов те жауап берді. Ол Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айыпталды: аса ірі көлемде пара алу және бір немесе бірнеше қылмысты жасау мақсатында ұйымдасқан қылмыстық топты құру және оған жетекшілік ету. Сотта тараптарды қатар тыңдау барысында Балмағамбетов кінәсін толық мойындайтынын айтып, өкініш білдірді және кез келген жазаны өткеруге дайын екенін айтты. 

Нұрлан Жоламановтың өзі сот отырыстарында кінәлі емес екенін, пара алмағанын, ұйымдасқан қылмыстық топ құрмағанын бірнеше рет мәлімдеді. "Мен Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау жөніндегі барлық заңды, жүйелі шараларды қабылдадым, соның нәтижесінде сыртқы периметр бойынша мемлекеттік шекараны күзетудің тиімділігі артты. Тағы да баса айтқым келеді - мен әскери адаммын, 17 жасымнан бері әскерде қызмет еттім. Мен әскери адам ретінде тәрбиеленгенмін. Бүгінде маған жала жабылса да, күйе жағылса да, бұл олардың арына сын деп білемін. Мен халыққа және отанға қызмет еткен адам ретінде қала беремін", - деді ол соңғы сөзінде. 

Еске сала кетейік, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Нұрлан Жоламановтың ісі бойынша сот отырысы 2015 жылдың 26 қаңтарында басталды. Ол 2014 жылдың қазан айынан бері қамауда отыр. Нұрлан Жоламановқа 300 мың доллардан астам сома көлемінде пара алды деген айып тағылды.  

 


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (12)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай