05 қаңтар 2023 11:56

Күдебаев қарулы күзетпен жүрген: қаңтар оқиғасы туралы видео жарияланды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжілісте қаңтар оқиғасы туралы жаңа деректі фильм көрсетілді. Кадрларда, сол кезде Алматы облысының полиция басшысы қызметін атқарған Серік Күдебаевтың күзетуге тиісті департамент ғимаратынан қарулы күзетшілермен қалай шығып кеткені көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қаңтар оқиғасы кезінде бірқатар облыстағы ҰҚК жергілікті бөлімшелері мен полиция бөлімшелерінің басшылары қарамағындағыларға жұмыс орындарынан кетуге бұйрық берді. Мысалы, мына кадрлардан сол кезде комендант болған Алматы облысы ПД бұрынғы бастығы Күдебаевтың полиция ғимаратынан қалай шығып кеткенін көруге болады", - делінген сипаттамада.

Сондай-ақ, кадрларда Алматы әуежайы ғимаратын басып алудан жарты сағат бұрын тәртіп сақшылары "үйлеріне тарау" туралы бұйрық алғаны айтылады.

Еске салайық, бүгін, 5 қаңтарда Мәжілісте бас прокурор Берік Асылов пен ішкі істер министрі Марат Ахметжанов қаңтар оқиғасына қатысты тергеудің барысы туралы есеп берді. Тікелей эфирді мына жерден көре аласыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети