23 мамыр 2023 16:20

Құқық қорғау органдары банк мәліметтер базасын қарауға мүмкіндік алуы мүмкін

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда құқық қорғау органдарының ақпараттық жүйелерін екінші деңгейлі банк жүйелерімен біріктіру мәселесі талқыланып жатыр. "Ашық НҚА" сайтында Ішкі істер министрлігі тұжырымдамасының жобасы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Норма қоғаммен серіктестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізілген.

"Қылмыстық істерді тергеп-тексеру аясында заңсыз банктік операцияларға жедел ден қою үшін екінші деңгейлі банктердің дерекқорларын құқық қорғау және арнайы органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграциялау жоспарланып отыр. Аяқтау мерзімі - 2024 жылдың екінші жартысы", - делінген хабарламада.

Жауапты орындаушылар ретінде тұжырымдама мақұлданған жағдайда Бас прокуратура, Ұлттық банк, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі және Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі көрсетіледі.

Жобаны қоғамдық талқылау 26 мамырға дейін жалғасады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети