1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Құс тұмауы. Қостанай облысында тағы үш ауыл карантинге жабылды29 қыркүйек 2020, 15:13

Фото REUTERS/China Daily© Фото REUTERS/China Daily©

Қостанай облысында құс тұмауы өршіп барады. Өңірдегі тағы үш ауылда карантин енгізілді, - деп хабарлайды "Хабар24" тілшісі.

Телеарна тілшісінің сөзіне сүйенсек, Арқалыққа қарасты Фурманов, Целинный және Қарабалық ауданындағы Михайлов ауылдарында қырылған қанаттылардан құс тұмауы анықталған. Арқалық қалалық ветеринария басқармасындағылардың айтуынша, екі ауылда 300-ден аса жеке үйлерде үйрек, қаз өлген.

Ал жергілікті тұрғындар нақты шығын одан көп екенін айтады. Жалпы Арқалық маңындағы ауылдарда жеке аулаларда барлығы 20 мыңдай құс бар екен.

"Бүгінде солардың 90 пайызына вакцинация жасалды", - дейді жергілікті ветеринарлар. Олар бұл жұмысты бүгін бітіреміз деп отыр.

Осылайша, телеарнаның мәліметінше, Қостанай облысында алты елді мекен құс тұмауына байланысты карантинге жабылды. Ал індеттен қырылған жеке үйлердегі құстардың саны ресми мәліметке сүйенсек, 3 мыңға жақындаған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!