Қырғызстанмен шекарада белгісіз жағдайға байланысты 100 жүк көлігі қозғалысы шектелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанмен шекарада белгісіз жағдайға байланысты 100 жүк көлігі қозғалысы шектелді Фото: 24.kg

Қырғызстан-Қазақстан шекарасының" Қарасу-автожол" бақылау-өткізу пунктінде жүк көліктерінің қозғалысы баяулады. Бұл туралы Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Шекара қызметінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қазақстан тарапының ақпараты бойынша,"Қарасу-автожол" өткізу пунктінде инспекциялық-тексеру кешенінің қызметінде болған іркіліске байланысты жүк көліктерінің қозғалысы баяулады. Осыған байланысты, 2021 жылғы 19 ақпандағы 15:00-дегі жағдай бойынша, Қырғызстан аумағындағы "Ақ тілек-автожол" өткізу пунктінде қырғыз-қазақстандық мемлекеттік шекара учаскесінде шекаралық бақылаудан өту үшін кезекте 100-ге жуық жүк көлігі тұр", - делінген Қырғызстан ведомствосының хабарламасында.

Қырғызстан тарапынан шекаралық бақылаудан өту кезінде жүк тасымалдаушылар үшін шектеулер жоқ. Сондай-ақ, Қырғыз-Қазақстан учаскесіндегі басқа өткізу пункттерінде мемлекеттік шекарада адамдар мен автокөлік құралдарының жиналу дерегі тіркелген жоқ.

"Мемлекеттік шекара арқылы бақылау-өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді. Мемлекеттік шекара қызметі уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды", - делінген хабарламада. 

Ал Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің баспасөз қызметі шекарадағы бұл туралы ақпаратты жоққа шығарды.

"Инспекциялық тексеру кешені жұмыс істеп тұр, ешқандай ақау жоқ", - деді ведомство өкілдері Tengrinews.kz тілшісіне.

Зулайка Эркимбаева, Бішкек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +20
Астана +18
Ақтау +25
Ақтөбе +23
Атырау +30
Б
Балқаш +19
Ж
Жезқазған +18
Қ
Қарағанды +17
К
Көкшетау +18
Қ
Қостанай +27
Қызылорда +20
П
Павлодар +20
Петропавл +23
С
Семей +26
Т
Талдықорған +25
Тараз +28
Түркістан +26
О
Орал +24
Ө
Өскемен +24
Ш
Шымкент +25

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер