18 қараша 2014 17:26

Қытай Астанада өз ұлттық стилінде тағы бір ғимарат тұрғызады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Астанада Қытай Халық Республикасының дипломатиялық өкілдік ғимараты ұлттық стильде соғылады. Қытай дипломаттары ҚР Сыртқы істер министрлігіне осындай жоспарларын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада Қытай Халық Республикасының дипломатиялық өкілдік ғимараты ұлттық стильде соғылады. Қытай дипломаттары ҚР Сыртқы істер министрлігіне осындай жоспарларын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз Қытайда болдық, олармен кездескенімізде Астанадағы ғимараттың қандай болатынын сұрадық. Астанада Қытай мәдениетін көрсететін (Пекин Палас Soluxe Hotel Astana - Авт.) қонақүйі бар. Бірақ олар бұл қонақүйге көңілі толмайтынын айтты. Сондықтан олар "егер біздің елшіліктің ғимараты соғылатын болса, біз өзіміздің барлық колоритімізді, бұл біздің Қытай деп Қазақстан халқына көрсетеміз. Ол біздің мәдениетті таныстыруы керек" дейді, - деді ҚР СІМ басшысының орынбасары Асқар Мусинов Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің "Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы үкіметтері арасындағы дипломатиялық өкілдіктер ғимаратын тұрғызуға жер телімін өзара ұсыну туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасы талқыланған кеңейтілген отырысында.

Сенаторлар СІМ өкілдерінің назарын қытайлар соғатын ғимараттың Астананың жалпы сәулетінен ерекшеленіп тұрмауы керектігіне аударды, нақтырақ айтқанда, Қазақстанның мемлекеттік органдары ғимараттарынан тым биік немесе аласа болмауы керек.

"Қытайдың қаржы жағдайы өте жоғары, сондықтан олар ғимараттарды салып тастай алады", - деді депутаттардың бірі. 

СІМ өкілдерінің айтуынша, қаланың құрылысын департамент бақылауға алады. "Әрине, бұл жоба келгенде біз оларға көрсетеміз және олар да өздерінің шектеулері мен басқа да мәселелерін ұсынады", - деді министр орынбасары.  

Сенаторлар Бейжіңдегі Қазақстан елшілігінің ғимаратын қазақстандық компания соғуы керек деген тағы да бір ұсыныс айтты. Себебі, депутаттардың пікірінше, елшілікте құпия әрі жасырын ақпарат болуы мүмкін.

Айта кетейік, сенаторлар 2012 жылы Астанадағы шетел елшіліктерінің түр-сипаты жайлы мәселе көтерген болатын. Әсіресе кейбір елдер елшілік ғимараттарын Астананың ерекшеліктерін есепке алмайтыны және көбінде казармаға ұқсап қалатындығы айтылған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети