Қызғалдақтармен суретке түскен әкімнің басы дауға қалды: іс сотқа жетті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: instagram.com/problema.aktobe Фото: instagram.com/problema.aktobe

Ақтөбе облысында ауыл әкімі қызғалдақпен суретке түскеннен кейін сот алдында жауап беріп жатыр. Шенеуніктің букет ұстап түскен суреті әлеуметтік желіде және WhatsApp мессенджерінде тарап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе облысында ауыл әкімі қызғалдақпен суретке түскеннен кейін сот алдында жауап беріп жатыр. Шенеуніктің букет ұстап түскен суреті әлеуметтік желіде және WhatsApp мессенджерінде тарап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл іс Ақтөбенің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр. Іс материалдарына сәйкес шенеуніктің балалары гүлдерді жұлып, анасына сыйға тартқан.

34 жастағы әкім оқиға қалай болғанын баяндады. Бірақ сотта шенеунік журналистерге өзін түсіруге тыйым салған.

"Отбасымызбен табиғатқа демалуға шықтық. Жанымда кәмелетке толмаған екі қызым болды. Қандыағаш қаласы аумағындағы тасжолдың маңына бардық. Пикникке дайындалып жатқанда, қыздар қызғалдақ жұлған, шамамен 15 дана. Олар маған сыйлады. Мен букетпен суретке түсіп, WhatsApp статусқа салдым. Ол жерде мал жайылады, жылқы мен сиыр жүреді. Гүлдерді жұлып алуға болмайтыны туралы ешбір жерде белгі жоқ", - деді Ләззат Бердібаева сотта.

Ауылдық округ басшысы сотта өз сөзін алдын ала басып шығарылған қағаздан оқыған. Бір сәтте әйел көзіне жас алған. Ләззат Бердібаева кінәлі емес екенін айтып, балаларын қарап үлгермегеніне, бірақ оларды жақсы тәрбиелеп отырғанына сендірді. Өз сөзін растау үшін сотқа мінездеме ұсынған: қыздарына мектептен берілген, ал өзіне ауыл ақсақалдарынан алған.

Бүгін сотқа әкімшілік хаттама толтырған полиция қызметкері де қатысты. Инспектор сараптама жүргізу және ауыл әкімінің қолында қызғалдақтың қандай түрі екенін анықтау мүмкін болмағанын мойындады.

"Хаттама толтыру кезінде гүлдер болған жоқ. Сондықтан сараптама жүргізе алмадық. Балалар қызғалдақтың қандай түрін жұлғанын нақты айта алмаймыз", - деді құқық қорғау органдарының өкілі.

Бұл қызғалдақтардың қандай түрі екенін анықтау үшін сот аумақтық орман шаруашылығы инспекциясының өкіліне сұрақ қойған. Бірақ маман суреттегі гүлдер Қызыл кітапқа енген-енбегенін нақты анықтай алмайтынын мәлімдеген.

"Қазақстанның батысында қызғалдақтың екі түрі кең таралған: Шренк пен Кауфман қызғалдақтары. Ақтөбе облысында Шренка қызғалдақтары кең таралған. Бірақ қазір суретте нақты солар деп айта алмаймын", - деді Ақтөбе облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының жетекші маманы Артур Қаңтарбаев сотта.

Шенеунік кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу және күтіп-бағу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін айыпталып отыр (ӘҚБтК-нің 127-бабы).

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 127-бабы 10-нан 15 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады (39 320 - 58 980 теңге) не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасы көзделеді.

Бұл іс жалғасып жатыр. Келесі отырыс 15 мамырға белгіленді.

Еске салайық, бұған дейін қызғалдақтармен суретке түскен әкімнің басы дауға қалғаны хабарланды. Кейін ауыл әкіміне айыппұл салынуы мүмкін екені белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.6  course up  593.85  course up  6.53  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer