12 мамыр 2020 20:20

Қызылорда қаласында жылыжай шаруашылығы қарқынды дамып келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгінде Қызылорда қаласында 10 жылыжай кешені жұмыс жасауда. Соның бірі Махамбет ауылында орналасқан қияр егумен айналысатын жылыжай кешені қаланың ішкі нарығын қамтып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бүгінде Қызылорда қаласында 10 жылыжай кешені жұмыс жасауда. Соның бірі Махамбет ауылында орналасқан қияр егумен айналысатын жылыжай кешені қаланың ішкі нарығын қамтып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қалаға қарасты Махамбет ауылында орналасқан жылыжай кешенінің жұмысымен танысты.

Аумағы 2 гектар болатын "КазАгроМир" ЖШС автоматтандырылған жылыжай кешенінің жалпы құны 1 млрд 129 млн. теңгені құрайды.

Жергілікті жұмысшылар күніне орта есеппен 5-6 тонна өнім жинап, қала аумағындағы орналасқан сауда үйлеріне төмен бағада ұсынуда. Болашақта өндіріс көлемін күніне 10 тоннаға дейін, жылына 1000 тоннаға дейін ұлғайтып, қызанақ, болгар бұрышы, баклажан өсіруді жоспарлап отыр. Заманауи Испан технологиясымен жабдықталған жылыжай электр жарығы, сумен толықтай қамтылған. Кешенде 40 адам тұрақты жұмыс жасауда.

Өзімізден шығатын өнім ең алдымен өзіміздің нарықты қанағаттандырып, содан кейін облыс төңірегіндегі аудандарды да қамтуымыз қажет. Бағасы да сай болсын, -дей келе, шаһар басшысы мемлекет тарапынан қандайда қолдау керек болса, әрдайым дайын екенін, кәсіпкердің ұсыныстарын назарға алып, сала басшыларына тапсырмалар берді.

Айта кету керек, жылыжай кешені өткен жылдың соңында пайдалануға берілген. Жоба мемлекеттің қолдауымен жүзеге асырылды.

Бұдан бөлек Қызылордада қалаға қарасты Қарауылтөбе ауылдық округінде "Натишаева" дара кәсіпкерінің 1 гектарлық кешені жұмыс жасауда. Осындай 8 шағын жылыжай қияр мен қызанақ өсіруде.

Ал, келер жылы "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша тағы 2 гектар аумаққа жылыжай кешені салынбақ. Оңтүстік Корея технологиясы бойынша жүзеге асатын жоба құны 800 млн теңге. Қазіргі күні қалаға қарасты "МТС Ас Агро" ЖШС жобаны қаржыландыру мақсатында ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау институттары арқылы жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Жалпы, Қызылорда қаласында ауыл шаруашылығы саласы, оның ішінде егін шаруашылығына ерекше дем беруде.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети